Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

45-САБАҚ

Бейтарап болу деген не?

Бейтарап болу деген не?

Иса шәкірттеріне “осы дүниелік” болмау керектігін үйреткен (Жохан 15:19). Бұған бейтарап болу да жатады. Бұл дегеніміз — саяси істерде, соғыстарда ешкімнің жағына шықпау. Шыны керек, бейтарап болып қалу әр кезде оңай емес. Сол үшін жұрттың күлкісіне қалуымыз мүмкін. Бірақ қалайша біз бейтарап болып, Ехоба Құдайға адалдық сақтай аламыз?

1. Шынайы мәсіхшілердің үкіметке көзқарасы қандай?

Мәсіхшілер үкіметтерді құрметтейді. Біз Исаның айтқанын тыңдап, “патшанікін патшаға береміз”, яғни салық төлеу сияқты еліміздің заңдарына бағынамыз (Марқа 12:17). Киелі кітаптың үйретуінше, адамдардың үкіметтері Ехоба жол бергендіктен ғана билік етіп отыр (Римдіктерге 13:1). Сондықтан олардың билігі шексіз емес, шектеулі екенін түсінеміз. Адамзаттың барлық қиындығын шешеді деп біз Құдайға және оның көктегі Патшалығына үміт артамыз.

2. Бейтарап екенімізді қалай көрсетеміз?

Исаға ұқсап біз де саясатқа араласпаймыз. Бірде Исаның бір кереметін көргенде, адамдар оны жерде патша етпекші болады, бірақ ол бұдан бас тартады (Жохан 6:15). Оның себебін ол кейін бір сөзінде айтты: “Менің Патшалығым осы дүниелік емес” (Жохан 18:36). Исаның шәкірті болған біздер бейтараптығымызды бірнеше жолмен көрсете аламыз. Мысалы, біз соғысқа бармаймыз (Миха 4:3 оқыңыз). Ту секілді мемлекеттік рәміздерді құрметтегенімізбен, оларға тағзым етпейміз (Жоханның 1-хаты 5:21). Бұдан бөлек, ешқандай саяси партияларды не үміткерлерді қолдамаймыз. Осы және басқа да жолдармен біз Құдай үкіметіне, яғни оның Патшалығына толығымен адал екенімізді көрсетеміз.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Бейтараптығымыз сыналатын бірнеше жағдайды қарастырайық және сондай кезде Ехобаға ұнайтын шешімдерді қалай қабылдай алатынымызды көрейік.

3. Шынайы мәсіхшілер бейтарап

Иса мен оның ізбасарлары біз үшін үлгі қалдырды. Римдіктерге 13:1, 5—7 және Петірдің 1-хаты 2:13, 14 оқыңыздар. Сосын БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге біз адами үкіметтерді құрметтеуіміз керек?

  • Оларға бағынатынымызды қандай жолдармен көрсетеміз?

Соғыс кезінде кейбір елдер “біз ешкімді жақтамаймыз” дегенімен, қақтығысып жатқан екі тарапқа да қолдау көрсетеді. Бірақ бұл шын бейтараптық па? Жохан 17:16 оқыңыздар. Сосын БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Бейтарап болу деген не?

Үкіметтің талабы Құдай заңына қайшы келсе, не істеу керек? Елшілердің істері 5:28, 29 оқыңыздар. Сосын БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Адамның заңы мен Құдайдың заңы бір-біріне қайшы келгенде, біз кімнің заңына мойынсұнуымыз керек?

  • Мәсіхшілер үкіметке бағынбайтын жағдайларды мысалға келтіре аласыз ба?

4. Ойымыз да, ісіміз де бейтарап болсын

Жоханның 1-хаты 5:21 оқыңыздар. Сосын БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Айендж деген ер кісі неліктен саяси партияның мүшесі болудан және мемлекеттік рәміздерді, мысалы, туды дәріптеуден бас тартты?

  • Ол дұрыс әрекет етті деп ойлайсыз ба?

Тағы қандай жағдайларда бейтараптығымыз сыналуы мүмкін? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Халықаралық спорт ойындарын көргенде, қалай біз бейтарап болып қала аламыз?

  • Саясаткерлердің шешімі бізге әсер етсе де, қалай бейтарап болып қала аламыз?

  • Жаңалықтар я біз араласатын адамдар бейтараптығымызға қалай әсер етуі мүмкін?

Қандай жағдайларда мәсіхші іштей де, әрекетімен де бейтараптық сақтау керек?

БІРЕУ СҰРАСА: “Осы сендер неге туды дәріптемейсіңдер, әнұран айтпайсыңдар?”

  • Қалай жауап берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Мәсіхші іштей, сөзімен, әрекетімен де саясатта ешкімді жақтамай, бейтарап болып қалу үшін көп күш салады.

Қайталау

  • Мемлекеттің алдында біздің қандай міндетіміз бар?

  • Неге біз саясатта бейтарап болып қаламыз?

  • Қандай жағдайларда бейтараптығымыз сыналуы мүмкін?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Бейтарап болып қалу үшін кейде қандай құрбандықтарға бару керек болады?

“Ехоба бізді қалдырған емес” (3:14)

Бейтараптықпен байланысты қиындықтарға отбасылар қалай алдын ала дайындалса болады?

“Көпшілік жерлерде бейтараптық сақтау” (4:25)

Ер адам үшін Отанды қорғаудан да ұлы мәртебе бар ма?

“Құдай үшін мүмкін емес нәрсе жоқ” (5:19)

Жұмысқа қатысты шешім қабылдағанда, осы дүниелік емес болып қалуға не көмектесетінін оқып көріңіз.

“Әркім өз жүгін өзі көтереді” (“Күзет мұнарасы”, 1 сәуір, 2006)