Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

46-САБАҚ

Неге Құдайға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өту маңызды?

Неге Құдайға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өту маңызды?

Сіз өзіңізді Ехобаға бағыштағанда, дұғада тек оған ғибадат ететініңізді және бәрінен бұрын оның еркін орындайтыныңызды уәде етесіз (Зәбүр 40:8). Содан кейін шомылдыру рәсімінен өтесіз. Шомылдыру рәсімінен өткенде, сіз бағышталғаныңызды басқаларға көрсетесіз. Өзіңізді Ехобаға бағыштау — ең маңызды шешім. Өмірді өзгертер осы қадамды жасауға сізге не қозғау салу керек?

1. Құдайға бағышталуға адамға не қозғау салады?

Ехобаға бағышталуға қозғау салатын — сүйіспеншілік (Жоханның 1-хаты 4:10, 19). Киелі кітап бізді мынаған шақырады: “Құдайың Ехобаны бар жүрегіңмен, бүкіл жан-тәніңмен, барлық ақыл-ойыңмен және бар күш-қуатыңмен сүй” (Марқа 12:30). Құдайды жақсы көретінімізді айтатын сөзімізбен ғана емес, ісімізбен де көрсетеміз. Өмірде бір-бірін шын сүйетін қыз бен жігіт үйленбей қоймайды. Сол сияқты Ехобаны сүйсек, өмірімізді оған бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтеміз.

2. Ехоба шомылдыру рәсімінен өткен Куәгерлерін қалай жарылқайды?

Шомылдыру рәсімінен өткен соң, сіз Ехобаның бақытты отбасының бір мүшесі боласыз. Ехоба сізге Әке болады. Сіз оның сүйіспеншілігін сан түрлі жолмен көресіз. Оған қазіргіден де жақындай түсесіз (Малахи 3:16—18 оқыңыз). Әлемнің әр жерінде тұратын бауырластар сіз үшін туыстарыңыздай болады. Олар Ехобаны да, сізді де жанындай жақсы көреді (Марқа 10:29, 30 оқыңыз). Әрине, шомылдыру рәсімінен өтпес бұрын, сізге белгілі бір қадамдар жасау қажет: сізге Ехоба жайында білім алу керек, оны жақсы көру керек және оның Ұлына сену керек. Сондай-ақ өміріңізді Ехобаға бағыштауыңыз қажет. Осы қадамдарды жасап, шомылдыру рәсімінен өтсеңіз, мәңгі өмірге апаратын жолға аяқ басасыз. Құдай Сөзінде шомылдыру рәсімі сізді қазірдің өзінде “құтқарып жатқаны” айтылған (Петірдің 1-хаты 3:21).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Неге Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өту сіз үшін маңызды екенін қарастырып көрейік.

3. Бәрімізге де таңдау жасау керек

Ежелгі Исраилде кейбіреулер Ехобаға да, Бағал деген жалған тәңірге де қатар құлшылық ете аламыз деп ойлаған. Бірақ бұл ойларының қате екенін көрсету үшін, Ехоба Ілияс пайғамбарды жіберді. Патшалар 1-жазба 18:21 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Исраилдіктер өздері үшін нені шешу керек еді?

Сол исраилдіктер сияқты бізге де кімге қызмет ететінімізді шешіп алу керек. Лұқа 16:13 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге біз Ехобаға және біреуге я бір нәрсеге бірдей қызмет ете алмаймыз?

  • Біз Ехобаға ғибадат етуді таңдағанымызды қалай көрсетеміз?

4. Ехобаның сізге танытқан махаббаты жайлы ойланыңыз

Ехоба бізге қисапсыз мол бағалы сыйлар берді. Ал біз оған не бере аламыз? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Ехоба сізге сүйіспеншілігін қалай танытты? Зәбүр 104:14, 15 және Жоханның 1-хаты 4:9, 10 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехобаның әсіресе қай сыйлары үшін ризасыз?

  • Сол сыйлар жайлы ойланғанда, бойыңызда Ехобаға деген қандай сезімдер оянады?

Біреу бізге қатты ұнайтын сыйлық жасаса, сол адамға алғысымызды білдіргіміз келер еді. Мұсаның 5-жазбасы 16:17 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехобаның сіз үшін жасаған бар жақсылығын ойлағанда, оған не бергіңіз келіп кетеді?

5. Бағышталу көл-көсір батаға кенелтеді

Көптің ойынша, адамды бақытты ететін — атақ-даңқ, жақсы жұмыс я көп ақша. Бірақ бұл солай ма? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бейнероликтегі спортшы футболды қатты жақсы көрсе де, неге ол кәсібін тастап кетті?

  • Ол өмірін футболға емес, Ехобаға арнауды шешті. Бұл шешімі дұрыс деп ойлайсыз ба? Неге?

Елші Пауыл мәсіхші болмай тұрғанда, биік мансаптың соңынан қуған. Ол яһуди заңын білу үшін атақты ұстаздан дәріс алған. Бірақ мәсіхші болу үшін ол осының бәрінен бас тартты. Пауыл бұған өкінді ме? Філіпіліктерге 3:8 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге Пауыл мәсіхші болғанға дейін істегенінің бәрін “түкке тұрғысыз қоқыс” деді?

  • Бірақ ол не нәрсеге ие болды?

  • Сіздің өміріңіз қай кезде жақсырақ болады деп ойлайсыз: Ехобаға қызмет еткенде ме, әлде өміріңізді басқа нәрсеге арнағанда ма?

Пауыл мәсіхші болғанда, жоғалтқанынан тапқаны көп болды

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Құдай жолында жүрген жақсы ғой. Бірақ мен жүре алмаймын”.

  • Неге өзіңізді Ехобаға бағыштау бәрібір де дұрыс шешім болар еді деп ойлайсыз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехобаға өзімізді бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтуге бізді сүйіспеншілік талпындырады.

Қайталау

  • Неге Ехоба шын жүректен жақсы көріп, ғибадат еткенімізге лайық?

  • Ехоба шомылдыру рәсімінен өткен Куәгерлерін қалай жарылқайды?

  • Сіз өміріңізді Ехобаға бағыштағыңыз келе ме?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Бір әнші мен спортшы өз өмірлерін неге Ехобаға арнауды шешкенін көріңіз.

“Жастардың сауалдары — Өмірімді не нәрсеге арнаймын? — Өткенді еске алу” (6:54)

Ехобаға бағышталуға тағы қандай себептер бар екенін оқып көріңіз.

“Өмірімізді неліктен Ехобаға бағыштаймыз?” (“Күзет мұнарасы”, 15 қаңтар, 2010)

Ехобаға бағышталған жандардың қуаныштарын бейнебаяннан тамашалаңыз.

“Бағышталам саған” (4:30)

“Өмірдің мәні туралы сұрақ мені мазалайтын” деген өмірбаянды оқып, бір әйелге өмірінде ненің маңызды екенін анықтауға не көмектескенін біліңіз.

“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы” (ор.), 1 қараша, 2012)