Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

48-САБАҚ

Жақсы дос — асыл қазына

Жақсы дос — асыл қазына

Жақын достар әрқашан да қасымыздан табылады. Олар біз қуанғанда бірге қуанып, мұңайғанда бірге мұңайып, құлап жатсақ, бізге тірек болады. Бірақ Киелі кітап екінің бірі бізге жақсы дос бола алмайды деп ескертеді. Сонда сізге кімдер жақсы дос бола алады? Мұны анықтауға келесі сұрақтар көмектеседі.

1. Таңдаған достарыңыз сізге қалай ықпал етеді?

Біз әдетте кіммен көп аралассақ, соған ұқсап кетеміз. Мейлі, онымен бетпе-бет сөйлессек те, әлеуметтік желі арқылы аралассақ та, осылай болып жатады. Сондықтан Киелі кітапта: “Данамен жүрген дана болар, ақылсызбен [яғни Ехобаны жақсы көрмейтіндермен] араласқан жапа шегер”,— делінген (Нақыл сөздер 13:20). Ехобаны жақсы көріп, оған ғибадат ететін достар сізге де оған жақын болуға, дұрыс шешімдер қабылдауға көмектеседі. Ал қауымнан тыс адамдармен жақын аралассақ, олар бізді Ехобадан алыстатып жібереді. Киелі кітаптың достарды ақылмен таңдауға шақыратыны да, міне, содан. Достарымыз Құдайды сүйетін болса, бұл бізге де жақсы, оларға да жақсы. Өйткені біз “бір-бірімізді жұбатып, нығайта” аламыз (Салоникалықтарға 1-хат 5:11).

2. Кіммен дос болатынымыз Ехобаға қалай әсер етеді?

Ехоба достарға келгенде, өте талғампаз. Ол “шыншыл адаммен жақын дос болады” (Нақыл сөздер 3:32). Біз Ехобаны сүймейтін адамдармен достассақ, Ехоба қандай күйде болады? Оның қатты көңілі түседі (Жақып 4:4 оқыңыз). Ал қай кезде Ехоба қуанып, бізді дос деп санайды? Егер жаман достардан бас тартып, Ехобаға және оны сүйетіндерге жақын болсақ қана (Зәбүр 15:1—4).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Достарды таңдай білу неге маңызды екенін, өмірдің ажарын келтіретін достарды қалай табуға болатынын білейік.

3. Жаман ортадан жиреніңіз

Құдайды әрі оның заң-талаптарын сүймейтін адамдар жаман орта болып саналады. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

  • Өзіміз байқамай қалай жаман ортамен араласып кетуіміз мүмкін?

Қорынттықтарға 1-хат 15:33 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Қандай адам сіз үшін жаман орта болуы мүмкін? Неге?

Зәбүр 119:63 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Достарыңыздың бойынан қандай қасиеттерге мән берген жөн?

Бір шіріген алма бір табақ алманы бүлдіреді. Бір жаман дос сізге қалай әсер етеді?

4. Әртүрлі жандар бізге дос бола алады

Киелі кітапта Дәуіт пен Жонатан деген екі исраилдік кісінің оқиғасы жазылған. Бұл ер кісілердің жасы да, шыққан отбасы да екі түрлі еді. Соған қарамастан екеуі айнымас дос болған. Самуилдің 1-жазбасы 18:1 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Неге достарымыздың жасы да, әлеуметтік жағдайы да бірдей болуы шарт емес?

Римдіктерге 1:11, 12 оқып, сосын келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехобаны жақсы көретін достар бір-бірін қалай жігерлендіре алады?

Қазір көретін қойылымда бір жас ер бауырлас ойламаған жерден өзіне дос табады. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге Акилдің ата-анасы оның мектептегі достарына қатысты уайымдады?

  • Неге ол сол балалармен достасқысы келді?

  • Ол жалғыздық сезімін қалай жеңді?

5. Шын достықтың сыры

Нағыз достарды қалай табуға болатынын, өзіңіз де қалай жақсы дос бола алатыныңызды біліңіз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Нақыл сөздер 18:24 пен 27:17 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Шын достар бір-біріне қалай көмектеседі?

  • Сізде осындай достар бар ма? Жоқ болса, оларды қалай таба аласыз?

Філіпіліктерге 2:4 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Жақсы дос іздеген адам өзі де жақсы дос бола білу керек. Сіз қалай жақсы дос бола аласыз?

Жақсы дос іздесеңіз, өзіңіз жақсы дос бола біліңіз

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Досың кім болса да, ең бастысы, жақсы адам болса болды”.

  • Сіз не айтар едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Достарды ақылмен таңдасақ, Ехобаны да қуантамыз, өзімізге де жақсы болады.

Қайталау

  • Кіммен дос болатынымыз неге Ехобаға бәрібір емес?

  • Қандай достардан алыс жүруіміз керек?

  • Ехобаны сүйетін жандармен достықты қалай нығайтуға болады?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Қиын шақтарда жақсы достар бізге қалай тірек болатынын оқып көріңіз.

“Заманның ақыры келмей тұрып, мызғымас достық орнатайық” (“Күзет мұнарасы”, қараша, 2019)

Онлайн достар жайлы нені білгеніңіз жөн?

“Әлеуметтік желіні ақылмен қолдан” (4:12)

Бір ер кісі “Әкемнің болғанын аңсадым” деген өмірбаянында неге бұрынғы достарынан бас тартқанын айтып береді.

“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы”, 1 сәуір, 2012)