Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

50-САБАҚ

Шаңырақ шаттығы (2-бөлім)

Шаңырақ шаттығы (2-бөлім)

Бала деген — Ехобаның берген сыйы. Ехоба ата-аналар өз перзенттерін “қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай” аялап өсірсе екен дейді. Сондықтан ол ата-анаға көмек болсын деп пайдалы кеңестер ұсынады. Бұл ақыл-кеңестер ата-аналарға ғана емес, балалардың да кәдесіне жарайды. Осылай олар да шаңырақтың ажарын келтіруге өз үлестерін қоса алады.

1. Ехоба ата-аналарға қандай кеңестер береді?

Ехоба ата-аналар өз перзенттерін сүйіп, оларға көңіл бөлу үшін уақыттарын аямаса екен деп тілейді. Сонымен қатар балаларын қауіп-қатерден қорғаштап жүргенін қалайды. Ол ата-аналарға бала тәрбиесінің тірегі ретінде Киелі кітап принциптерін берген (Нақыл сөздер 1:8). Ехоба Құдай әкелерге былай дейді: “Балаларыңды... Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіріңдер” (Ефестіктерге 6:4 оқыңыз). Ата-ана ұл-қыздарын тәрбиелегенде, Ехобаның нұсқауына құлақ асса әрі осы жауапкершілікті өзге біреудің мойнына арта салмаса, бұған Ехоба қуанады.

2. Ехоба балаларға қандай кеңестер береді?

Ехоба балаларға: “Әрдайым ата-аналарыңа мойынсұныңдар”,— деп ақыл айтады (Қолостықтарға 3:20 оқыңыз). Балалар ата-аналарын сыйлап, тілін алса, бұл Ехобаның да, әке-шешелерінің де жүрегін қуанышқа толтырады (Нақыл сөздер 23:22—25). Бұл тұрғыдан Исаның жақсы үлгісін айтпасқа болмас. Кемелді бала болса да, ол кемелсіз әке-шешесін сыйлап, мойынсұнған (Лұқа 2:51, 52).

3. Отбасы болып қалай Құдайға жақындай аласыз?

Балаларыңыз бар болса, өзіңіз Ехобаны қалай жақсы көрсеңіз, олар да солай жақсы көрсе екен дейтініңіз хақ. Бұл үшін не істей аласыз? Құдай Сөзіндегі мына кеңесті орындаңыз: “[Ехобаның сөздерін] балаларыңның құлағына құйып, үйде отырғанда да, жол жүргенде де... айтатын бол” (Мұсаның 5-жазбасы 6:7). “Құлағына құю” деген бір нәрсені қайта-қайта айтып үйретуді білдіреді. Өзіңіз де білетін шығарсыз, бала бір нәрсені ұғу үшін оған қайта-қайта айтып отырмаса болмайды. Жаңағы тармақтың мәні де осында. Сіз әрбір сәтті пайдаланып, балаларыңызға Ехоба туралы айтып отыруыңыз қажет. Бүкіл отбасы болып Ехобаға ғибадат ету үшін апта сайын уақыт бөлсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді. Балаларыңыз болмаса да, Құдай Сөзін бірге зерттеуге апта сайын уақыт арнасаңыздар, мұның тек пайдасын көресіздер.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Отбасын бақытты да баянды ететін пайдалы ақыл-кеңестерді қарастырайық.

4. Тәрбие өзегі сүйіспеншілік болсын

Бала тәрбиелеу — оңай іс емес. Бұл ретте Киелі кітап қалай көмектеседі? Жақып 1:19, 20 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ата-аналар балаларымен сөйлескенде, қалай сүйіспеншілік таныта алады?

  • Неге ашу үстінде ата-ана балаларын жөнге салмау керек? a

5. Балаларыңызды қорғаңыз

Балаңызды қорғау үшін олардың әрқайсысымен жеке-жеке жыныстық қатынас туралы сөйлескен өте маңызды. Әрине, мұндай тақырыпта сөйлесу ыңғайсыз болуы мүмкін. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге кейбір ата-аналарға жыныстық қатынас туралы балаларымен сөйлесу қиын?

  • Кей ата-аналар балаларына жыныстық қатынас туралы қалай түсіндірді?

Құдай Сөзінде алдын ала айтылғандай, Шайтанның дүниесі барған сайын жаман болып барады. Тімөтеге 2-хат 3:1, 13 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • 13-тармақта айтылған зұлымдарға бала азғырушылар да кіреді. Сондықтан неге ата-аналарға балаларына жыныстық тәрбие беру және оларға бала азғырушылардан қалай қорғану керектігін үйрету өте маңызды?

Біле жүріңіз

Ата-аналарға балаларына жыныстық тәрбие беру үшін және оларды бала азғырушылардан қорғау үшін Ехоба куәгерлері көмек ретінде көптеген өнімдер шығарған. Мысалы:

6. Балалар, ата-аналарыңды сыйлаңдар

Балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарымен қалай сөйлесетінінен оларды құрметтей ме, құрметтемей ме — көрініп тұрады. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, сосын мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге жасөспірімдердің ата-анасымен құрметпен сөйлескені маңызды?

  • Жастар ата-аналарына айтқысы келетінін қалай құрметпен жеткізсе болады?

Нақыл сөздер 1:8 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ата-аналары ақыл айтқанда, жастар не істемеулері керек?

7. Ехобаға бірге ғибадат етіңіздер

Ехоба куәгерлерінің отбасылары бірге ғибадат ету үшін апта сайын арнайы уақыт бөледі. Осындай отбасылық ғибадатты қалай өткізсе болады? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Отбасылық ғибадатты жүйелі түрде өткізіп тұру үшін жанұялар не істей алады?

  • Ата-ана отбасылықты қалай пайдалы әрі қызықты ете алады? (Осы сабақтың басындағы суретті қараңыз).

  • Сіздің отбасыңызға бірге зерттеуге не кедергі болуы мүмкін?

Ежелгі Исраилде Ехоба отбасыларға Жазбалар туралы үнемі сөйлесіп отыруды бұйырған. Мұсаның 5-жазбасы 6:6, 7 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Сіз осы принципті қалай қолдана аласыз?

Отбасылыққа арналған ойлар

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Киелі кітап — балалар үшін тым күрделі кітап”.

  • Сіз не деп жауап берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехобаның қалауы мынау: ата-аналар балаларын жақсы көріп, тәрбиелеп, қорғау керек; ал балалар ата-анасын сыйлап, тілін алу керек; отбасылар Ехобаға бірге ғибадат ету керек.

Қайталау

  • Ата-аналар балаларын қалай тәрбиелеп, қорғаулары керек?

  • Балалар ата-аналарын құрметтейтінін қалай көрсете алады?

  • Апта сайын уақыт арнап, бірге ғибадат ету отбасылар үшін қай жағынан пайдалы?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Балаңызды ересек өмірге дайындауға қандай кеңестер көмектеседі?

“Тәрбиенің алты тірегі” (“Ояныңдар!” №2, 2019)

Ата-анасына қарайтындарға Киелі кітап қандай кеңес беретінін біліңіз.

“Қарт ата-ананы қамқорлау жайлы Киелі кітапта не айтылған?” (jw.org сайтындағы мақала)

Кезінде “балаларымды қайтіп тәрбиелеймін” деп жүрген бір ер кісі қалай жақсы әкеге айналғанын көріңіз.

“Балаларды Құдай жолымен тәрбиелеу” (5:58)

Әкелер қалай ұлдарына жақын бола алатынын оқып көріңіз.

“Әкеге қарап ұл өсер” (“Күзет мұнарасы”, 1 қаңтар, 2012)

a Киелі кітапта “жөнге салу” деген сөз тәлім-тәрбие беруді, бағыт сілтеуді және түзетуді білдіреді. Бірақ бұл сөз қатыгездік жасауды я қорлық көрсетуді білдірмейді (Нақыл сөздер 19:18).