Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

53-САБАҚ

Көңіл көтергенде, Ехобаның да көңілін ойлаңыз

Көңіл көтергенде, Ехобаның да көңілін ойлаңыз

Ехоба — “бақытты Құдай” (Тімөтеге 1-хат 1:11). Ол біздің де бақытты болып, өмірдің қызығын көргенімізді қалайды. Сондықтан жұмысқа баспен кіріп кетпей, демалып тұруға уақыт бөлгеніміз оған ұнайды. Демалысымыз өзімізді де сергітіп, Ехобаның да көңілінен шыққаны жақсы. Осы сабақта біз бос уақытымызды қалай дұрыс өткізуге болатынын қарастырамыз.

1. Демалыс түрін таңдағанда, нені ойлауымыз керек?

Сізге қалай демалған ұнайды? Кейбіреулеріне үйде отырып кітап оқыған, музыка тыңдаған, кино көрген я интернетте отырып уақыт өткізген ұнайды. Ал басқалары көбірек қимылдайтын демалыс түрлерін ұнатады. Мәселен, достарымен бірге тауға бару, табиғатқа шығу, шомылу я бірге ойын ойнау сияқты. Қайсысын таңдасақ та, біз “Иемізге не ұнайтынына” әрдайым көз жеткізіп отыруымыз қажет (Ефестіктерге 5:10). Бұл неге маңызды? Өйткені қазіргі көңіл көтеру түрлерінде Ехоба жек көретін нәрселер өте көп. Мысалы, жыныстық азғындық, қатыгездік және бақсы-балгерлік болуы мүмкін (Зәбүр 11:5 оқыңыз). Олай болса, көңіл көтеру түрін қалай ақылмен таңдауға болады?

Достардың ықпалы орасан зор. Ехобаны сүйетін достар бізге жақсы жағынан әсер етіп, дұрыс демалуға көмектеседі. 48-сабақта білгеніміздей, “данамен жүрген дана болар”. Ал Ехобаның заңдарын сүймейтін адамдармен аралассақ, “жапа шегеміз” (Нақыл сөздер 13:20).

2. Неге демалуға жұмсайтын уақытты қадағалағанымыз жөн?

Таңдаған демалысымыз жақсы шығар, бірақ оған қанша уақыт кетіретінімізді қадағаламасақ болмайды. Әйтпесе маңызды істерге уақыт таппай қаламыз. Құдай Сөзі бізді “уақыттарыңды барынша тиімді пайдаланыңдар” деп үйретеді (Ефестіктерге 5:15, 16 оқыңыз).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Демалыс түрлерін қалай дұрыс таңдай алатынымызды көрейік.

3. Жаманынан жиреніңіз

Неге ойын-сауықты абайлап таңдауымыз керек? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, сосын мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ежелгі гладиаторлар ойыны мен бүгінгі кейбір ойындардың қандай ұқсастықтары бар?

  • Дени ойын-сауық туралы не білді?

Римдіктерге 12:9 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Осы тармақ дұрыс демалыс түрін таңдауға қалай көмектеседі?

Ехоба нені жек көреді? Нақыл сөздер 6:16, 17 және Ғалаттықтарға 5:19—21 оқыңыздар. Әрбір тармақты оқыған соң, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Осы тармақтарда айтылғандардың қайсысы бүгінгі көңіл көтеру түрлерінде көп кездеседі?

 Демалыс түрін ақылмен таңдаңыз

Бұл үшін мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Онда Ехоба жек көретін нәрсе бар ма?

  • Маңызды істерден алаңдатпай ма?

  • Ехобаны сүймейтін адамдармен жиі араласып кетпеймін бе?

Қауіпті жерден алшақ жүрген дұрыс. Сол сияқты бізге зияны тиеді-ау деген көңіл көтеру түрінен алшақ жүруіміз керек

4. Уақытты ақылмен игеріңіз

БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, сосын мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Бейнероликтегі ер бауырлас жаман ештеңе көрмесе де, оның қандай қиындығы болды?

Філіпіліктерге 1:10 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Бұл тармақ демалуға бөлетін уақытты анықтауға қалай көмектеседі?

5. Бой сергітетін көңіл көтеруді таңдаңыз

Демалыс түрлерінің кейбірі Ехобаға ұнамағанмен, оған ұнайтындары да аз емес. Уағыздаушы 8:15 пен Філіпіліктерге 4:8 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Сіз қалай демалғанды ұнатасыз?

Уақытты жаныңызды жадырататындай өткізе аласыз

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Ойын-сауықта қатыгездік, азғындық, бақсы-балгерлік кездессе, ешнәрсе етпейді, ең бастысы, өзің істемесең болды ғой”.

  • Сіз не дер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехоба біздің жақсы демалыс түрлерін таңдап, бой сергіткенімізді қалайды.

Қайталау

  • Мәсіхшілер қандай демалыс түрлерінен аулақ болу керек?

  • Демалуға қанша уақыт кетіретінімізді қадағалау неліктен маңызды?

  • Неге сіз Ехобаға ұнайтындай демалғыңыз келеді?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Демалыс түріне қатысты қалай дұрыс шешім қабылдауға болатынын оқып көріңіз.

“Пайдалы болатындай көңіл көтересің бе?” (“Күзет мұнарасы”, 15 қазан, 2011)

Бір кісі “Мен тіпті алалаушылықты жеңе алдым” деген өмірбаянында неге басқаша демалуды шешкенін біліңіз.

“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы”, 1 шілде, 2010)

Неге бір ана тылсым күштермен байланысы бар киноны көрмеуді шешкенін біліңіз.

“Демалғанда тылсым күштермен байланысты дүниелерге жоламайық” (2:02)