Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

54-САБАҚ

“Адал да ақылды құл”

“Адал да ақылды құл”

Иса — мәсіхшілер қауымының басы (Ефестіктерге 5:23). Көкте отырған Иса бүгінде жердегі ізбасарларына “адал да ақылды құл” арқылы жетекшілік етеді (Матай 24:45 оқыңыз). Бұл құлды Иса Мәсіхтің өзі тағайындаған және белгілі бір шешімдерді қабылдауға билік берген. Билігі болса да, ол Мәсіхтің құлы болып қала береді, әрі оның бауырларына қызмет көрсетеді. Сонымен, “адал да ақылды құл” деген кім? Қалай ол біздің қамымызды ойлайды?

1. “Адал да ақылды құл” деген кім?

Ехоба өз халқына әрдайым бір не бірнеше ер адам арқылы нұсқаулар беріп отырған (Малахи 2:7; Еврейлерге 1:1). Иса қайтыс болғаннан кейін жетекшілікті Иерусалимдегі елшілер мен ақсақалдар қолға алған (Елшілердің істері 15:2). Сол қалыптасқан үрдіске сай, бүгінде жетекшілікті ақсақалдардың шағын бір тобы қолға алып отыр. Бұл топ Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі деп аталады. Оның міндеті — Құдай халқын рухани ас-сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ уағыз ісіне басшылық ету. Міне, осы топ — Иса “тағайындаған адал да ақылды құл” (Матай 24:45ә). Басқарушы кеңестің барлық мүшесі киелі рухпен майланған. Жердегі өмірі аяқталған соң, олар көктегі Патшалықта Мәсіхпен бірге билік етеді.

2. Адал құл қандай рухани ас-су береді?

Иса адал құлдың “[басқа мәсіхшілерге] ас-суын уақтылы беріп тұратынын” айтқан (Матай 24:45а). Әдетте біз тамақ жегенде, денсаулығымыз мықты болып, күшіміз пайда болады. Рухани тамақпен де солай. Рухани ас-су, яғни Құдай Сөзіндегі тәлім-тәрбие бізге Ехобаға адал болып қалуға және Исаның тапсырған ісін атқаруға күш береді (Тімөтеге 1-хат 4:6). Бұл рухани ас-суды біз қалай аламыз? Оларды қауым кездесулері, әртүрлі конгрестер мен Киелі кітапқа негізделген әдебиеттер және бейнероликтер арқылы аламыз. Осылардың бәрі бізге Құдайдың еркін түсінуге әрі онымен достығымызды қатайтуға көмектеседі.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

“Адал да ақылды құл”, яғни Басқарушы кеңес бізге не үшін қажет екенін білейік.

Басқарушы кеңес дүниежүзіндегі бауырластарға рухани ас-су мен нұсқаулар береді және іс жүзінде көмек көрсетеді

3. Ехобаның халқы — ұйымдасқан халық

Иса Мәсіхтің басшылығымен Басқарушы кеңес Ехоба куәгерлерінің ісін ұйымдастырады. Бірінші ғасырда да солай болған. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Қорынттықтарға 1-хат 14:33, 40 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Осы тармақтардан көрінетіндей, неге Ехоба өз Куәгерлерінің ұйымдасқан халық болғанын қалайды?

4. Адал құл уағыз ісін ұйымдастырады

Ертедегі мәсіхшілер үшін уағыз ісі ең маңызды іс болған. Елшілердің істері 8:14, 25 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ертедегі мәсіхшілерге уағыз ісіне қатысты нұсқауларды кім берген?

  • Петір мен Жохан басқа елшілерден нұсқау алғанда не істеді?

Бүгінгі таңда да Басқарушы кеңес үшін ең басты іс — уағыз ісін ұйымдастыру. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Иса уағыз ісінің маңыздылығына ерекше назар аударған. Марқа 13:10 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге Басқарушы кеңес уағыз ісіне қатты мән береді?

  • Осы дүниежүзілік істі ұйымдастыру үшін неге адал да ақылды құл қажет?

5. Адал құл нұсқаулар береді

Басқарушы кеңес шартараптағы мәсіхшілерге нұсқаулар беріп отырады. Олар қалай шешім қабылдайды? Мұны білу үшін бірінші ғасырдағы басқарушы кеңес қалай шешім қабылдағанын көрейік. Елшілердің істері 15:1, 2 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ертедегі кейбір мәсіхшілердің арасында қандай келіспеушілік туындады?

  • Осы мәселені шешу үшін Пауыл мен Барнаба және басқа шәкірттер кімге барды?

Елшілердің істері 15:12—18, 23—29 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Басқарушы кеңес шешім қабылдарда осы мәселеге қатысты Құдайдың басшылығын білу үшін не істеді? (12, 15 және 28-тармақтарды қараңыз).

Елшілердің істері 15:30, 31 және 16:4, 5 оқып, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ертедегі мәсіхшілер басқарушы кеңестің берген нұсқауын қалай қабылдады?

  • Ехоба олардың мойынсұнушылығын қалай жарылқады?

Тімөтеге 2-хат 3:16 және Жақып 1:5 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Бүгіндегі Басқарушы кеңес шешім қабылдарда басшылықты қайдан іздейді?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Басқарушы кеңесті тыңдаймыз деп адамдарға еріп жүрсіңдер ғой”.

  • Басқарушы кеңесті Иса жетектеп жатқанына сіз сенесіз бе? Неге?

ТҮЙІНДЕМЕ

Басқарушы кеңес деген — Мәсіх тағайындаған “адал да ақылды құл”. Ол дүниежүзіндегі мәсіхшілерге рухани ас-су мен нұсқаулар береді.

Қайталау

  • “Адал да ақылды құлды” кім тағайындаған?

  • Басқарушы кеңес қалай біздің қамымызды ойлайды?

  • Басқарушы кеңестің “адал да ақылды құл” екеніне сенесіз бе?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Басқарушы кеңес өз қызметін атқару үшін қалай ұйымдастырылғанын көріңіз.

“Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі қандай қызмет атқарады?” (jw.org сайтындағы мақала)

Басқарушы кеңес бізге сенімді мәлімет беретініне неге күмәнданбасақ болады?

“Тура мәліметке негізделген әдебиеттер шығару” (17:18)

Басқарушы кеңестің мүшелері Иса пайғамбар тапсырған іске қалай қарайды?

“Зор мәртебе” (7:04)

Қауым кездесулері мен конгрестер Басқарушы кеңесті Ехоба жетелеп жатқанын қалай дәлелдейді?

“Ехоба өз халқына тәлім береді” (9:39)