Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

57-САБАҚ

Ауыр күнә жасағанда не істеген жөн?

Ауыр күнә жасағанда не істеген жөн?

Біз Ехобаны бар жанымызбен жақсы көретіндіктен, оның жүрегін ауыртатын ештеңе жасамауға тырысамыз. Бірақ қанша тырыссақ та, кейде пендешілікпен қателіктер жасап қоямыз. Алайда кейбір қателіктер өте ауыр күнә болып саналады (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10). Ауыр күнә жасап қойған жағдайда мынаны ұмытпаңыз: Ехоба сізді бәрібір жақсы көреді. Ол сізді кешіріп, шын жүректен көмектескісі келеді.

1. Ехоба бізді кешіру үшін не істеу керек?

Ехобаны жақсы көретіндер ауыр күнә жасап қойса, қатты қайғырады. Бірақ Ехобаның өз халқына берген мына бір уәдесі олардың көңілін жұбатады: “Күнәларың ал қызыл болса да, аппақ қардай етемін” (Ишая 1:18). Егер біз шын көңілден өкінетін болсақ, Ехоба бізді толықтай кешіреді. Жасаған күнәмізға өкінетінімізді қалай көрсете аламыз? Біз істеген ісімізге қатты опық жеп, енді оны қайталамаймыз және Ехобадан жалынып-жалбарынып кешірім сұраймыз. Сосын күнәға апарған теріс ойымызды өзгертуге немесе жаман әдеттерімізді тастауға аянбай күш саламыз, сондай-ақ Ехобаның таза нормаларын ұстануға тырысамыз (Ишая 55:6, 7 оқыңыз).

2. Күнә жасап қойғанда, Ехоба ақсақалдар арқылы бізге қалай көмектеседі?

Біз ауыр күнә жасап қойсақ, Ехоба “қауым ақсақалдарын шақырыңдар” деп кеңес береді (Жақып 5:14, 15 оқыңыз). Арнайы тағайындалған бұл кісілер Ехобаны және оның әрбір қойын жақсы көреді. Олар Ехобамен достық қарым-қатынасымызды қалай қалпына келтіру керектігін біледі (Ғалаттықтарға 6:1).

Ауыр күнә жасап қойғанда, олар бізге қалай көмектеседі? Екі не үш ақсақал бізбен сөйлесіп, істегеніміз неге дұрыс болмағанын Киелі жазбалардан көрсетіп береді. Сондай-ақ күнәмізді қайталап қоймас үшін, олар бізге қажетті, пайдалы ақыл-кеңестер береді. Біз рухани қатайып алғанша, олар бізді қауымның кейбір істеріне араластырмауы мүмкін. Ал егер адам жасаған ауыр күнәсі үшін өкінбейтін болса, онда ақсақалдар оны қауымнан шығарады. Бұл қауымдағы бауырластарды сол адамның зиянды ықпалынан қорғайды.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Күнә жасап қойғанда, Ехобаның бізге қалай көмектесетінін түсініп, соған алғысымызды арттырайық.

3. Күнәсін мойындаған рухани сауығады

Кез келген күнә Ехобаның жанын жаралайтындықтан, біз күнәмізді оның алдында мойындауымыз керек. Зәбүр 32:1—5 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Күнәмізді Ехобадан жасырғаннан гөрі неге оны ашық айтып, мойындаған дұрыс?

Ехобаның алдында мойындаған соң, күнәмізді ақсақалдарға да айтқанымыз өзімізге жақсы. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

  • Ақсақалдар Кэнонға Ехобаға қайта оралуға қалай көмектесті?

Біз ақсақалдарға еш нәрсені бүкпей, ашық айтуымыз керек. Өйткені олар бізге көмектесу үшін жүр. Жақып 5:16 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

  • Еш нәрсені жасырмай, ашық айтқанымыз ақсақалдардың жұмысын қалай жеңілдетеді?

Күнәңізді мойындаңыз, ақсақалдардан ештеңе жасырмаңыз, Ехобаның көмегін қабылдаңыз

4. Қауымнан шығарылудың пайдасы

Адам ауыр күнә жасап, Ехобаның нормалары бойынша өмір сүруден бас тартса, ол қауымнан шығарылады. Біз ондай адаммен араласпаймыз, тіпті сөйлеспейміз де. Қорынттықтарға 1-хат 5:6, 11 және Жоханның 2-хаты 9—11 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

  • Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады. Осы мысалдан көрінетіндей, күнәсіна өкінбейтін бір адам бүкіл қауымға қалай ықпал етуі мүмкін?

Қауымнан шығарылғандардың көбісі уақыт өте қайта оралып жатады. Неге? Өйткені мұндай жөнге салу адамға қанша ауыр тисе де, оған күнәсін түсініп, есін жиюға көмектеседі (Зәбүр 141:5). БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Қойылымдағы Соняға қауымнан шығарылғаны қай жағынан пайдасын тигізді?

Қауымнан шығару шарасы қалай...

  • Ехобаның есімін дәріптейді?

  • Ехобаның әділ әрі сүюші Құдай екенін дәлелдейді?

5. Біз өкінгенде, Ехоба кешіреді

Адам өкінгенде Ехоба қандай сезімде болатынын түсіндіру үшін, Иса бір мысал айтқан. Лұқа 15:1—7 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Осы мысалдан Ехоба жайлы не білдіңіз?

Езекиел 33:11 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

  • Шынымен өкінгенімізді көрсету үшін қандай маңызды қадамды істеген жөн?

Ехоба шопан сияқты әр қойын аялап, қамқорлайды

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Ақсақалдарға күнәмді айтсам, олар мені қауымнан шығарып жіберсе қайтем?!”

  • Осылай ойлайтын адамға не дер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Біз ауыр күнә жасап қойып, бірақ шын жүректен өкінсек және сол жаман ісімізді қайталамауға бекінсек, Ехоба бізді кешіреді.

Қайталау

  • Күнәмізді неге Ехобаның алдында мойындағанымыз дұрыс?

  • Күнәміз кешірілу үшін не істеуіміз керек?

  • Ауыр күнә жасағанда, неге ақсақалдарға баруымыз қажет?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Ишая 1:18-де сипатталған Ехобаның мейірімділігін бір ер адам өз өмірінде қалай сезінгенін көріңіз.

“Ехобаның мейірімді екеніне еш күмәнданбаңыз” (5:02)

Не себепті кейде адамды қауымнан шығаратынын Куәгер емес адамға қалай түсіндіруге болатынын оқып көріңіз.

“Ехоба куәгерлері бұрын Ехоба куәгері болған адамнан қашқақтай ма?” (jw.org сайтындағы мақала)

Шындықтан кетіп қалған бір кісі неге Ехобаға оралуды шешкенін “Мен Ехобаға қайта оралуды шештім” деген оның өмірбаянынан біліңіз.

“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы”, 1 сәуір, 2012)