Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

58-САБАҚ

Ехобаға адал болып қалыңыз

Ехобаға адал болып қалыңыз

Шынайы мәсіхшілер Ехобамен достығына ешкімнің де, еш нәрсенің де сызат түсіруіне жол бермейміз деп нық бекінген. Сіздің де осыны қалайтыныңыз анық. Ехоба үшін сіздің адалдығыңыз өте қымбат (Шежірелер 1-жазба 28:9 оқыңыз). Бірақ Ехобаға адалдығыңыз тексерілетін кездер болып жатады. Сондай кездері не істеуге болады? Көрейік.

1. Өзгелер Ехобаға деген адалдығымызды қалай сынауы мүмкін?

Кейбір адамдар бізді Ехобаға қызмет еткізбес үшін барын салады. Сол адамдар кімдер? Солардың бірі — шындықтан кеткен адамдар. Өздері кетіп қана қоймай, олар біздің де сенімімізді күйрету үшін, Құдайдың ұйымы туралы небір өтіріктер таратады. Оларды жолдантаюшылар деп атайды. Олардан бөлек, біз жайлы жалған мәлімет тарататын дінбасылары да бар. Олардың көздегені — абайсыз, сенгіш адамдарды шындықтан алып кету. Бізге қарсы шығатындармен айтысып-дауласу, олардың кітаптары мен блогтарын оқу, сайттарына кіру, видеоларын көру өте қауіпті. Бізді Ехобаға деген адалдығымыздан айнытқысы келетіндер жайлы Иса былай деген: “Оларды елемеңдер. Олар соқыр жетекшілер. Егер соқырды соқыр жетелесе, екеуі де орға құлайды” (Матай 15:14).

Кейде таныстарымыздың бірі “бұдан былай Ехоба куәгері болғым келмейді” деп шешуі мүмкін. Егер жақын адамымыз солай шешсе, бізге ауыр тиетіні айтпаса да түсінікті. Ол тіпті “я мені, я Ехобаны таңда” деп бізге қысым жасауы мүмкін. Сондай кезде біз Ехобаны бәрінен биік қойып, адалдық сақтап қалуымыз керек (Матай 10:37). Міне, сондықтан біз Ехобаның ондай адамдармен араласпа деген бұйрығына бағынамыз (Қорынттықтарға 1-хат 5:11 оқыңыз).

2. Жеке шешім қабылдағанда, Ехобаға адалдығымыз қалай сыналуы мүмкін?

Ехобаны жақсы көретіндіктен жалған дінге қатысы бар кез келген нәрседен аулақ жүргіміз келеді. Мысалы, жалған дінмен байланысы бар жерлерде жұмыс істемейміз, сондай ұйымдарға тұрмаймыз я қолдау көрсетпейміз. Сондай-ақ жалған дінмен байланысты басқа да істермен айналыспаймыз. Ехоба бізді былай деп ескертеді: “Менің халқым, одан [яғни Ұлы Бабылдан] шық” (Аян 18:2, 4).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехобаға деген адалдығыңызды ешкім шайқалтпас үшін не істеуге болатынын білейік. Сондай-ақ Ұлы Бабылдан шығу үшін не істеу керектігін көрейік.

3. Жалған ұстаздардан сақ болыңыз

Егер Ехобаның ұйымы жайлы жағымсыз нәрселер естіп жатсақ, не істеуіміз керек? Нақыл сөздер 14:15 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Неге естігендеріміздің бәріне сене бермегеніміз дұрыс?

Жоханның 2-хаты 10 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Жолдантаюшыларға қалай қарауымыз керек?

  • Жолдантаюшылармен тікелей араласпасақ та, олардың ілімдеріне қалай ілігіп қалуымыз мүмкін?

  • Біз Ехоба жайлы не оның ұйымы жайлы жағымсыз сөздерді тыңдайтын болсақ, Ехоба өзін қалай сезінеді деп ойлайсыз?

4. Бауырлас күнә жасағанда, Құдайға адал екеніңізді дәлелдеңіз

Қауымда бір бауырластың ауыр күнә жасағанын білсек, не істеуге міндеттіміз? Құдайдың ежелгі Исраилге берген Заңындағы бір принципті қарастырайық. Мұсаның 3-жазбасы 5:1 оқыңыз.

Осы тармақтағы нұсқауға сай, біреу ауыр күнә жасаса, біз білген нәрсемізді ақсақалдарға айтуымыз керек. Бірақ алдымен күнә жасаған бауырластың өзін ақсақалдарға барып, күнәсін мойындауға талпындырғанымыз мейірімді іс болар еді. Ал егер ол бармаса, Ехобаға адал болғымыз келгендіктен, біз өзіміз барып ақсақалдарға айтамыз. Осылай еткеніміз айнымас сүйіспеншілігімізді қалай дәлелдейді:

  • Ехоба Құдайға?

  • күнә жасаған адамға?

  • қауымдағы басқа бауырластарға?

Бауырласыңыз бір жағдайға ұрынса, көмегіңізді аямаңыз!

5. Ұлы Бабылдан алшақ жүріңіз

Лұқа 4:8 бен Аян 18:4, 5 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Мен жалған діннің салт-жораларына әлі де қатысып жүрмін бе?

  • Менің басқа дінмен байланысты ұйымдарға қатысым бар ма?

  • Жұмысымның жалған дінмен қандай да бір байланысы бар ма?

  • Өмірімде жалған діннен алшақ болатын басқа да жағдайлар бар ма?

  • Осы сұрақтардың біріне “иә” деп жауап берген болсам, қандай өзгерістер жасауым керек?

Осы жағдайларға қатысты шешім қабылдағанда, ең бастысы, артынан ар-ұжданыңыз мазаламасын және Ехобаға адал екеніңіз көрініп тұрсын.

Сізге бір діннің қайырымдылық ісіне қолдау көрсетуді ұсынса, не істер едіңіз?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Жолдантаюшылар Ехоба куәгерлері туралы не айтатынын біліп алсам, шындықты қорғай аламын”.

  • Бұлай істеген парасаттылыққа жата ма? Неге?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехобаға адал болып қалу үшін, оған адал болып қалмағандармен араласпауымыз қажет. Сонымен қатар жалған дінмен байланысымызды толық үзуіміз керек.

Қайталау

  • Неге жолдантаюшылардың идеялары туралы оқымауымыз да, көрмеуіміз де, тыңдамауымыз да керек?

  • Бұдан былай Ехоба куәгері болғысы келмейтіндерге қалай қарауымыз керек?

  • Жалған діннен қалай алшақ бола аламыз?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Басқалар Ехоба куәгерлері туралы жалған мәлімет таратса, не істеуге болатынын оқып көріңіз.

“Ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткіздіңіз бе?” (“Күзет мұнарасы”, тамыз, 2018)

Ұлы Бабылды қолдайтын ұйымдар мен іс-шараларды қалай анықтауға болады?

“Соңғы күндердің” соңғы күндерінде қолымыз босамасын” (“Күзет мұнарасы”, қазан, 2019 жыл, 16—18 абзацтар)

Сенімімізді шайқалту үшін кейбір қарсыластар не істейді?

“Алданып қалудан сақ болыңдар” (9:32)

Синтоизмнің діни қызметкері “Мен Құдайды бала кезімнен іздедім” деген өмірбаянында жалған діннен қалай кеткенін айтып береді.

“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы”, (ор.), 1 шілде, 2011)