Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2-бөлімді қайталау

2-бөлімді қайталау

Тәлімгеріңізбен бірге төмендегі сұрақтарды талқылаңыз:

  1. Құдай жалған діндермен не істейді?

    (13-сабақты қараңыз).

  2. Мұсаның 2-жазбасы 20:4—6 оқыңыз.

    • Адамдар пұттар арқылы құлшылық етпекші болғанда, Ехоба не сезінеді?

      (14-сабақты қараңыз).

  3. Иса пайғамбар деген кім?

    (15-сабақты қараңыз).

  4. Сізге Иса пайғамбардың қай қасиеті ұнайды?

    (17-сабақты қараңыз).

  5. Жохан 13:34, 35 пен Елшілердің істері 5:42 оқыңыз.

    • Бүгінде Мәсіхтің шынайы ізбасарлары кімдер? Олардың шынайы мәсіхшілер екеніне көзіңізді не жеткізеді?

      (18, 19-сабақтарды қараңыз).

  6. Қауымның басшысы кім және ол қауымдарға қалай жетекшілік етеді?

    (20-сабақты қараңыз).

  7. Матай 24:14 оқыңыз.

    • Осы пайғамбарлық қалай орындалып жатыр?

    • Ізгі хабарды кімге айтып жүрсіз?

      (21, 22-сабақтарды қараңыз).

  8. Шомылдыру рәсімі өкіндірмейтін мақсат деп ойлайсыз ба? Неге?

    (23-сабақты қараңыз).

  9. Шайтан мен жындардан өзіңізді қалай қорғай аласыз?

    (24-сабақты қараңыз).

  10. Құдай сізге қандай өмір тілейді?

    (25-сабақты қараңыз).

  11. Неге адамдар қасірет шегеді және өледі?

    (26-сабақты қараңыз).

  12. Жохан 3:16 оқыңыз.

    • Ехоба бізді күнә мен өлімнен азат ету үшін не істеді?

      (27-сабақты қараңыз).

  13. Уағыздаушы 9:5 оқыңыз.

    • Марқұмдар қандай күйде?

    • Қайтыс болған миллиардтаған адам үшін Иса не істейді?

      (29, 30-сабақтарды қараңыз).

  14. Құдай Патшалығы кез келген үкіметтен қай жағынан асып түседі?

    (31, 33-сабақтарды қараңыз).

  15. Құдай Патшалығы қазір билеп жатқанына сенесіз бе? Неге? Ол билігін қашан бастады?

    (32-сабақты қараңыз).