Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3-бөлімді қайталау

3-бөлімді қайталау

Тәлімгеріңізбен бірге төмендегі сұрақтарды талқылаңыз:

  1. Нақыл сөздер 27:11 оқыңыз.

    • Неге Ехобаға адал болғыңыз келеді?

      (34-сабақты қараңыз).

  2. Киелі кітапта нақты нұсқау болмағанда, қалай дұрыс шешім қабылдай аласыз?

    (35-сабақты қараңыз).

  3. Қай кездері шыншыл болуыңыз керек?

    (36-сабақты қараңыз).

  4. Матай 6:33 оқыңыз.

    • Жұмыс пен ақша мәселесі туындағанда, қалай “Құдай Патшалығын бірінші ­орынға” қоя аласыз?

      (37-сабақты қараңыз).

  5. Өмірді ­Ехоба сияқты қадірлейтініңізді қайтіп көрсетсеңіз болады?

    (38-сабақты қараңыз).

  6. Елшілердің істері 15:29 оқыңыз.

    • Ехобаның қанға қатысты бұйрығын қалай орындай аласыз?

    • Сіздің ойыңызша, оның талаптары ақылға сыя ма?

      (39-сабақты қараңыз).

  7. Қорынттықтарға 2-хат 7:1 оқыңыз.

    • Тән тазалығы мен моральдық тазалыққа не жатады?

      (40-сабақты қараңыз).

  8. Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10 оқыңыз.

    • Киелі кітапта жыныстық қатынас туралы не айтылған? Сіз онда жазылғанмен ­келісесіз бе?

    • Киелі кітапта ішімдікке қатысты қандай кеңестер бар?

      (41, 43-сабақтарды қараңыз).

  9. Матай 19:4—6, 9 оқыңыз.

    • Құдайдың некеге қатысты нормасы қандай?

    • Неге некелесу мен ажырасу заңды болу керек?

      (42-сабақты қараңыз).

  10. Ехобаға қандай мейрамдар ұнамайды? Неге?

    (44-сабақты қараңыз).

  11. Жохан 17:16 ­және Елшілердің істері 5:29 оқыңыз.

    • Сіз қалай бейтарап бола аласыз?

    • Үкімет заңы мен Құдай заңы бір-біріне қайшы келгенде, сіз не істейсіз?

      (45-сабақты қараңыз).

  12. Марқа 12:30 оқыңыз.

    • Ехобаны жақсы көретініңізді қалай көрсете аласыз?

      (46, 47-сабақтарды қараңыз).