Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Дайынмын ба?

Дайынмын ба?

Қауыммен уағыздауға дайынмын ба?

Сіз шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болуға дайын боласыз, егер де...

  • Киелі кітапты үнемі зерттеп, күнде дұға етіп, қауымға барып жүрсеңіз;

  • Біліп жатқаныңыз ұнап, оған сенетін болсаңыз, сондай-ақ өзгелерге айтқыңыз келетін болса;

  • Ехобаны жақсы көріп, жақын достарды бауырластардың арасынан іздесеңіз;

  • Ешқандай саяси я жалған діннің қауымдастығында болмасаңыз;

  • Ехобаның заң-талаптарын өміріңізде орындап, Ехоба куәгері болғыңыз келсе.

Қауыммен уағыздауға дайынмын деп ойласаңыз, тәлімгеріңізге айтыңыз. Ол ақсақалдармен жолығуыңызды қамдайды. Олар сіз дайынсыз ба, жоқ па — соны көріп, қажет болса, не істеу керектігін түсіндіреді.

Шомылдыру рәсімінен өтуге дайынмын ба?

Сіз шомылдыру рәсімінен өтуге дайын болуыңыз мүмкін, егер де...

  • Шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болсаңыз;

  • Қолыңыздан келгенше үнемі уағыздап жүрсеңіз;

  • “Адал да ақылды құлды” қолдап, нұсқауларын орындап жүрсеңіз (Матай 24:45—47);

  • Дұғада өзіңізді Ехобаға бағыштап, оған мәңгі қызмет еткіңіз келсе.

Шомылдыру рәсімінен өтуге дайынмын деп ойласаңыз, тәлімгеріңізге айтыңыз. Ол ақсақалдармен жолығуыңызды қамдайды. Олар сіз дайынсыз ба, жоқ па — соны көріп, қажет болса, не істеу керектігін түсіндіреді.