Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Кеңес

Кеңес

Кеңес берілгенде

Неге біз Киелі кітапқа негізделген кеңестерге жүгінуіміз керек?

Неге ақталғаннан гөрі кеңеске ден қойған дұрыс?

Н.с 12:15; 29:1

Сондай-ақ Н.с 1:23—31; 15:31

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 15:3, 9—23 Самуил пайғамбар Саулды түзеткенде, патша ақтала бастады және берілген кеңесті қабылдамады; сол үшін Ехоба одан бас тартты

    • Ш2ж 25:14—16, 27 Амазиях патша күнә жасады және Ехобаның пайғамбары берген кеңеске құлақ аспады, осылай Ехобаның ықыласы мен қорғанышынан айырылып қалды

Басшылықты қолға алғандар кеңес бергенде, неге оларға құрметпен қарауымыз керек?

Сл1х 5:12; Т1х 5:17; Ев 13:7, 17

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ж3х 9, 10 Егде тартқан елші Жохан Диотрепті басшылықты қолға алғандарға құрмет танытпағаны үшін айыптады

Жасы үлкендерді неге тыңдауымыз керек?

М3ж 19:32; Н.с 16:31

Сондай-ақ Әп 12:12; 32:7; Тт 2:3—5

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 23:16—18 Дәуіт патша өзінен 30 жас үлкен Жонатанның кеңесіне құлақ асты және содан нығайып қалды

    • П1ж 12:1—17 Робоғам патша ақсақалдардың дана кеңесіне құлақ аспай, олардан жасырақ ер адамдардың жаман ұсынысын қабылдап, салдары жаман болды

Ехобаға адал әйелдер мен жастар да жақсы кеңес бере алатынын қайдан білеміз?

Әп 32:6, 9, 10; Н.с 31:1, 10, 26; Уғ 4:13

Сондай-ақ Зб 119:100

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 25:14—35 Әбигелдің кеңесінің арқасында Дәуіт патша қан төкпей, көп адам аман қалды

    • С2ж 20:15—22 Әбел қаласындағы бір дана әйелдің айтқан ақылы бүкіл қаланы аман алып қалды

    • П2ж 5:1—14 Кішкентай исраилдік қыз мықты қолбасшыға алапесінен қалай айығуға болатынын айтты

Ехобаны да, оның Сөзін де құрметтемейтін адамдардың кеңесін неге тыңдамауымыз керек?

Зб 1:1; Н.с 4:14

Сондай-ақ Лқ 6:39

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ш1ж 10:13, 14 Саул патша Ехобадан емес, аруақ шақырушыдан ақыл сұрады, осындай опасыздығы үшін ол өлім құшты

    • Ш2ж 22:2—5, 9 Ахазия патша жаман кеңесшілерді таңдады, ақырында бұл оның түбіне жетті

    • Әп 21:7, 14—16 Әйүп Ехобаны құрметтемейтіндердің айтқан ой-пікірін қабылдамады

Кеңес бергенде

Неге кеңес бермес бұрын ден қойып тыңдау, мән-жайды толық түсіну және екі жақты да тыңдап алу маңызды?

Н.с 18:13, 17

Сондай-ақ Н.с 25:8

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 1:9—16 Бас діни қызметкер Ели адал әйел Ханнаны мас деп ойлап, мән-жайды түсінбей жатып, оған қатаң кеңес беріп тастады

    • Мт 16:21—23 Елші Петір Исаға қарсылық білдіріп, Ехобаға емес, Шайтанға ұнайтын кеңес беріп қойды

Кеңес берер алдында неге Ехобаға дұға айтқан жөн?

Зб 32:8; 73:23, 24; Н.с 3:5, 6

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М2ж 3:13—18 Мұса пайғамбар исраилдік бауырларым сұрақ қойған жағдайда не деп жауап бергенім дұрыс деп Ехобадан сұрап алды

    • П1ж 3:5—12 Жас патша Сүлеймен өзіне сенім артпай, Ехобадан даналық сұрады, нәтижесінде оның батасына кенелді

Неге кеңестерімізді үнемі Құдай Сөзіне негіздеуіміз керек?

Зб 119:24, 105; Н.с 19:21; Т2х 3:16, 17

Сондай-ақ М5ж 17:18—20

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Мт 4:1—11 Шайтан азғырғанда, Иса өз даналығына емес, Құдай Сөзіне сүйеніп жауап берді

    • Жх 12:49, 50 Иса Әкесі не үйретсе, соны ғана үйреткенін айтты, осылай бізге үлгі қалдырды

Неге кеңесті жұмсақ түрде беріп, орынды болғанда, шын жүректен мақтап қойған маңызды?

Ғл 6:1; Қл 3:12

Сондай-ақ Иш 9:6; 42:1—3; Мт 11:28, 29

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ш2ж 19:2, 3 Ехоба бір өкілін жіберіп, Жосафат патшаны түзетті, бірақ артынан жақсы ісі үшін мақтады

    • Аян 2:1—4, 8, 9, 12—14, 18—20 Иса қауымдарға кеңес бермес бұрын, оларды мақтап алды

Бір мәсіхші бізге “бір бауырлас мені алдап кетті” не “маған жала жапты” деп айтып келсе, неге оны сол адамның өзімен сөйлесуге талпындырған дұрыс?

Біреуге ренжіген мәсіхшіні мейірімді, шыдамды әрі кешірімді болуға қалай талпындырсақ болады?

Мт 18:21, 22; Мр 11:25; Лқ 6:36; Еф 4:32; Қл 3:13

Сондай-ақ Мт 6:14; Қ1х 6:1—8; Пт1х 3:8, 9

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Мт 18:23—35 Кешіру қаншалықты маңызды екенін Иса өте әсерлі мысалмен түсіндірді

Неге кеңес бергенде Ехобаның нормаларына берік болып қалуымыз керек?

Зб 141:5; Н.с 17:10; Қ2х 7:8—11

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 15:23—29 Самуил пайғамбар Саул патшаға кеңес беруден қорықпады

    • П1ж 22:19—28 Қорқытып, қорлық көрсетсе де, Михая пайғамбар Ахаб патшаға айтатын ескерту хабарын бұрмаламады

Адамның рухани күйіне кері әсері тимеу үшін, кеңесті қалай берген жөн?

Ев 12:11—13

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Лқ 22:31—34 Иса Елші Петірдің ауыр қателік жасаса да, кейін түзеліп, басқаларды нығайта алатынына сенетінін айтты

    • Фм 21 Елші Пауыл Філімонның Құдай еркіне сай әрекет ететініне сенетінін көрсетті

Қиналып жүрген не еңсесі түскен адамға кеңес бергенде, қалай мейірімділік таныта аламыз?

Ниетіміз қателік жасаған адамға түзелуге көмектесу екенін қалай көрсетсек болады?

Кеңес бергенде, жасына не жынысына қарамай, адамға қалай құрмет көрсетсек болады?

Жазбалардың кеңесін қайта-қайта қабылдамай жүрген адамды бағушылар неге қатаң түзету керек?