Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Жігерлендіру

Жігерлендіру

Құдай қызметшілерінің бір-бірін жігерлендіргені неге маңызды?

Иш 35:3, 4; Қл 3:16; Сл1х 5:11; Ев 3:13

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ш2ж 32:2—8 Жау қорқытып-үркіткенде, Езекия патша халықты жігерлендірді

    • Дн 10:2, 8—11, 18, 19 Қартайып, қалжыраған Даниял пайғамбарға періште күш беріп, жігерлендірді

Қауымдағы бағушыларға қандай міндет жүктелген?

Иш 32:1, 2; Пт1х 5:1—3

Сондай-ақ Мт 11:28—30

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М5ж 3:28; 31:7, 8 Ехобаның тапсыруымен Мұса пайғамбар орынбасары Ешуаны нығайтып, жігерлендірді

    • Е.і 11:22—26; 14:22 Қуғын-сүргінде елші Пауыл мен Барнаба Антиохиядағы мәсіхшілерді жігерлендірді

Неге шын жүректен мақтау жігерлендіруге жатады?

Н.с 31:28, 29; Қ1х 11:2

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Би 11:37—40 Исраилдік әйелдер Ефта бидің қызына жыл сайын келіп, оны жанқиярлығы үшін мақтап тұрған

    • Аян 2:1—4 Ефестегі қауымды түзету керек болса да, Иса олардың жақсы жақтарын айтып мақтады

Ехобаның адал қызметшілері бір-бірін қалай жігерлендіреді?

Н.с 15:23; Еф 4:29; Фп 1:13, 14; Қл 4:6; Сл1х 5:14

Сондай-ақ Қ2х 7:13, 15, 16

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 23:16—18 Жонатан қиналып жүрген досы Дәуітті іздеп тауып, оған жігер берді

    • Жх 16:33 Иса өз үлгісімен ізбасарларының рухын көтеріп, олар да осы дүниені жеңе алатынына сендірді

    • Е.і 28:14—16 Римдегі сотқа бара жатқан елші Пауыл адал бауырластарының оны жігерлендіру үшін келгенін көріп, қайраттанып қалды

Құрметсіздік пен наразылық танытудан аулақ болу неге өте маңызды?

Фп 2:14—16; Яһ 16—19

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М4ж 11:10—15 Халықтың тілазарлығы мен наразылығы Мұса пайғамбардың жанын азапқа салды

    • М4ж 13:31, 32; 14:2—6 Сенімі жоқ он барлаушының жағымсыз сөздері халықтың жігерін жасытты әрі бүлікке әкеп соқтырды

Сенімі бір адамдармен араласу неге бізге жігер береді?

Н.с 27:17; Рм 1:11, 12; Ев 10:24, 25; 12:12

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ш2ж 20:1—19 Жаудың қалың қолы қауіп төндіргенде, Жосафат патша халықты жинап, бірге дұға айтты

    • Е.і 12:1—5, 12—17 Елші Жақып өлімге кесіліп, ал елші Петір қамауға алынғанда, Иерусалимдегі қауым бірге дұға айту үшін жиналды

Қиын шақта оң көзқарас таныту бізге қалай күш береді?

Е.і 5:40, 41; Рм 8:35—39; Қ1х 4:11—13; Қ2х 4:16—18; Пт1х 1:6, 7

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 39:19—23; 40:1—8 Жалған айыппен бекерден-бекер түрмеге тасталса да, Жүсіп Құдайға әрі қарай да сенім артты және өзгелерге қол ұшын бере берді

    • П2ж 6:15—17 Үлкен қауіп төнсе де, Еліше пайғамбар қорықпады және қасындағы қызметшісі де қорықпасыншы деп дұға айтты

Ехобаның Сөзінен жігер алу

Бізді сүйетін Ехоба қандай уәде берді?

Ехобаның шыдамдылығы мен мейірімі жайлы ой жүгірту неге бізге жігер береді?

Әлсірегендер мен шаршағандар үшін Ехоба не істейді?

Зб 46:1; Иш 12:2; 40:29—31; Фп 4:13

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 1:10, 11, 17, 18 Ехоба жаны сыздап, ашынған Ханнаның дұғасын тыңдады және жанына тыныштық сыйлады

    • П1ж 19:1—19 Ілияс пайғамбар түңіліп кеткенде, Ехоба оның жағдайын жасады. Кейін үміт беріп, жігерлендірді әрі жұбатты

Киелі кітаптағы болашаққа қатысты уәделер неге бізді жігерлендіреді?

Ш2ж 15:7; Зб 27:13, 14; Ев 6:17—19; 12:2

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Әп 14:1, 2, 7—9, 13—15 Азап шегіп жатса да, Әйүп қайта тірілу үмітінен жұбаныш тапты

    • Дн 12:13 Жасы жүзге келіп қалған Даниял пайғамбар періштеден болашақта алатын сыйы жайлы естіп, жігерленіп қалды

Ехоба жайлы ой жүгірту және оған дұға айту неге бізге жігер береді?

Зб 18:6; 56:4, 11; Ев 13:6

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 30:1—9 Өте қиын жағдайға тап болғанда Дәуіт патша Ехобаға дұға етіп, күш-қайратқа ие болды

    • Лқ 22:39—43 Ең ауыр сынақтың алдында Иса Ехобаға жалбарынып дұға айтты, ал ол періштесін жіберіп, оны нығайтты

Жақсы хабар есту және оны басқаларға айту бізді қалай жігерлендіреді?

Н.с 15:30; 25:25; Иш 52:7

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Е.і 15:2—4 Елші Пауыл мен елші Барнаба барған қауымдарына зор жігер берді

    • Ж3х 1—4 Қартайған елші Жохан кезінде өзі ізгі хабарды жеткізген бауырластарының әлі де шындықта жүргенін естіп жігерленді