Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қайғыру

Қайғыру

Біреу қайтыс болғанда қайғыру кәдімгі жайт екенін қайдан білеміз?

Ехоба қайғырған жандарды жұбатуға асық екені неден көрінеді?

Марқұмдардың қандай күйде екенін білгеніміз неге біз үшін жұбаныш?

Уғ 9:5, 10; Сл1х 4:13

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Лқ 20:37, 38 Иса өлген адамдар Құдай үшін тірі деуімен қайта тірілу міндетті түрде болатынын көрсетті

    • Жх 11:5, 6, 11—14 Досы Елазар көз жұмғанда, Иса өлімді ұйқыға теңеген

    • Ев 2:14, 15 Елші Пауыл өлімнен қорқып өмір сүрудің қажеті жоқ екенін түсіндірді

Неге Құдайға туылған адамнан гөрі, қайтыс болған адам әлдеқайда бағалы?

Киелі кітапта өлім не деп аталады және Құдай өліммен не істейді?

Болашақта қайта тірілу болатынына неге сенімдіміз?

Иш 26:19; Жх 5:28, 29; Е.і 24:15

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Киелі кітапта қайта тірілген тоғыз адам жайлы айтылады, олардың сегізі жерде өмір сүру үшін тірілген. Бұл оқиғалар жақынын жоғалтып, қайғырған жандарға жұбаныш пен үміт сыйлайды

      • П1ж 17:17—24 Ілияс пайғамбар Сидон жеріндегі Сарепта қаласында бір жесір әйелдің ұлын тірілтті

      • П2ж 4:32—37 Еліше пайғамбар Шунем қаласында бір баланы тірілтіп, ата-анасына табыстады

      • П2ж 13:20, 21 Қайтыс болғанына көп болмаған бір кісінің мәйіті Еліше пайғамбардың сүйектеріне жанасқанда, тіріліп кеткен

      • Лқ 7:11—15 Наин қаласында жұрт бір жесір әйелдің ұлын жерлеуге бара жатқанда, Иса оларды тоқтатып, ұлды тірілтті

      • Лқ 8:41, 42, 49—56 Иса Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісінің қызын тірілтті

      • Жх 11:38—44 Иса жақын досы Елазарды тірілтіп, әпкелері Мартамен және Мәрияммен қауыштырды

      • Е.і 9:36—42 Елші Петір көп жақсылық жасаған Дорка деген мәсіхші әйелді тірілтті

      • Е.і 20:7—12 Елші Пауыл терезеден құлап өлген Еутіх деген жігітті тірілтті

    • Иса Мәсіх өлмес рухани тұлға ретінде көктегі өмірге тірілді, бұл — Құдайдың барлық уәделері жүзеге асатынына кепілдік

    • Иса — көкте өмір сүру үшін тірілгендердің және өлместік алғандардың алғашқысы; 144 000 майланған ізбасары да солай тіріледі

Жақынын жоғалтып, қайғырып жүргендерге қалай көмектессек болады?