Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Жүрек

Жүрек

Киелі кітапта бейнелі жүрек адамның ішкі дүниесін, яғни ойларын, ниетін, қасиеттерін және сезімдерін білдіретінін қайдан білеміз?

Зб 49:3; Н.с 16:9; Лқ 5:22; Е.і 2:26

Сондай-ақ М5ж 15:7; Зб 19:8

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Лқ 9:46—48 Иса елшілерінің жүректеріндегі ойды, яғни бірінші болғылары келетінін көріп, оларды түзетті

Неліктен жүрегімізді қорғау аса маңызды?

Ш1ж 28:9; Н.с 4:23; Ерм 17:9

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 8:21 Адамның жүрегі жамандыққа бейім болып, зұлымдық көбейіп кеткендіктен, Құдай жер бетіне Топан су жіберді

    • П1ж 11:1—10 Сүлеймен патша жүрегін қорғай алмады, ол жатжерлік әйелдерге үйленді, ал олар патшаның жүрегін Ехобадан бұрып әкетті

    • Мр 7:18—23 Иса Құдайдың алдында адамды арамдайтын нәрселердің бәрі жүректен шығатынын айтқан

Біз жүрегімізді қалай қорғай аламыз?

Зб 19:14; Н.с 3:3—6; Лқ 21:34; Фп 4:8

Сондай-ақ Езр 7:8—10; Зб 119:11

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Еф 6:14—18; Сл1х 5:8 Елші Пауыл сауыт сарбаздың жүрегін қорғайтындай, әділдік, сенім мен сүйіспеншілік те бейнелі жүрегімізді қорғайтынын түсіндірді

Бейнелі жүрегімізде ақау бар ма, жоқ па — оны қалай білуге болады?

Н.с 21:2—4; Ев 3:12

Сондай-ақ Н.с 6:12—14

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ш2ж 25:1, 2, 17—27 Амазиях патша біраз уақыт Құдайға ұнамды істер істеп жүрді, бірақ онысын бар жүрегімен істемеді; кейін ол тәкаппарланып, Ехобаға мойынсұнбай кетті және соның салдарын тартты

    • Мт 7:17—20 Иса нашар ағаш нашар жеміс беретіндей, жаман жүректен жаман істер шығатынын айтқан

Неге біз жүрегімізді жақсартуымыз керек және бұны қалай істей аламыз?

Н.с 10:8; 15:28; Лқ 6:45

Сондай-ақ Зб 119:97, 104; Рм 12:9—16; Т1х 1:5

  • Ұқсас жағдайлар:

    • П2ж 20:1—6 Езекия патша өлім аузында жатқанда, Ехобадан бар жүрегімен қызмет еткенін еске алып, мейірімділік танытуын сұрады

    • Мт 21:28—32 Иса адамның жүрегі қандай екенін оның айтқан сөзіне емес, істеген ісіне қарап анықтауға болатынын мысалмен түсіндірді

Ехоба жүректі көретіні неге қуантады?

Ш1ж 28:9; Ерм 17:10

Сондай-ақ С1ж 2:3

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 16:1—13 Самуил пайғамбар Ехоба адамның сырт келбетіне алданбайтынын, қайта, жүректі көретінін түсінді

    • Ш2ж 6:28—31 Сүлеймен патшаның дұғасынан көретініміз: Ехоба адамның жүрегінде не барын толық көреді және сол көргеніне қарай мейірімділік пен қамқорлық танытады