Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Мейірімділік

Мейірімділік

Мейірімділік қандай қасиеттерді қамтиды?

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Зб 51:1, 2 Дәуіт патша Ехобадан мейірімділік танытуды өтінгенде, күнәларынан тазартып, кешіруді сұраған

    • Лқ 10:29—37 Иса мейірімділікке не жататынын түсіндіру үшін, бір яһудиге қайырымдылық көрсеткен самариялық кісі жайлы айтып берді

Неге барлық адам мейірімге мұқтаж?

Ехобаның мейірімді екенін қайдан білеміз?

М2ж 34:6; Нех 9:17; Зб 103:8; Рм 3:23, 24; Қ2х 1:3; Тт 3:3—6; Ев 2:9; Пт1х 5:5

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Әп 42:1, 2, 6—10; Жқ 5:11 Ехоба Әйүпке мейірімділік көрсетті және оны да мейірімді болуға үйретті

    • Жнс 3:10; 4:11 Ехоба өкінген ниневиялықтарды кешіріп, рақым танытты, тіпті малдарын да аяды

    • Лқ 6:32—36 Иса Ехобаның алғысты білмейтіндер мен зұлымдарға да мейірімділік танытатынын айтып, біздіде мейірімді болуға талпындырады

    • Лқ 15:11—32 Иса Ехобаның мейірімділігін сипаттау үшін, жаман жолға түскен, кейін өкінген ұлына мейірімділік танытқан әке жайлы айтып берді

Неге Ехоба бізге мейірімділік танытады?

Мәсіхтің құрбандығы кешірімге ие болуға қалай көмектеседі?

Неге біз Ехобадан мейірім танытуды өтінуіміз әрі осысыйды әрдайым бағалауымыз керек?

Лқ 11:2—4; Ев 4:16

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Зб 51:1—4 Дәуіт патша жасаған күнәсі үшін қатты қиналғанда, кішіпейілділікпен Ехобаға жалбарынып, мейірім танытуын сұрады

    • Лқ 18:9—14 Иса бір мысал келтіріп, қателігін кішіпейілділікпен мойындайтындарға Ехоба мейірім танытатынын көрсетті

Неге тіпті ауыр күнә жасаған адам да Ехобаның мейіріміне үміттене алады?

М5ж 4:29—31; Иш 55:7

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ш2ж 33:9—13, 15 Манаса патша жантүршігерлік зұлымдық жасаса да, ісіне өкінді әрі Құдайдан мейірім танытуды жалынып сұрады; кейін қайтадан патша болғанда, ол шын өзгергенін әрекеттерімен дәлелдеді

    • Жнс 3:4—10 Ниневиялықтар асқан жауыздық жасап, көп қан төксе де, істеріне өкінді әрі Құдайдың мейіріміне ие болды

Ехоба мейірім таныту үшін, адамның өз күнәсін мойындап, жаман жолдан қайтқаны қаншалықты маңызды?

Ехоба мейірімділік танытса да, адам жазалануы не күнәсінің салдарын тартуы мүмкін

Біз неге мейірімді болуымыз керек?

Өзгеге мейірімділік танытпасақ, бұл Ехобамен қарым⁠-⁠қатынасымызға қалай әсер етеді?

Мт 9:13; 23:23; Жқ 2:13

Сондай-ақ Н.с 21:13

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Мт 18:23—35 Иса өзгеге мейірімділік танытпайтын адамға Ехоба да мейірімділік танытпайтынын мысалмен түсіндірді

    • Лқ 10:29—37 Ехоба мен Иса мейірімділік танытпайтын адамдарды ықыласынан айырып, ал самариялық кісі сияқты мейірімді жандарға риза болады

Мейірімділік танытудың кейбір жолдары қандай?

Н.с 19:17; 22:9; Лқ 6:35; Еф 4:32

Сондай-ақ Н.с 11:17; 31:10, 26;Ев 13:16

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Мр 14:3—9; Жх 12:3 Иса Елазардың әпкесі Мәриямды жомарттығы мен мейірімділігі үшін мақтады

    • Т2х 1:16—18 Елші Пауыл түрмеде отырғанда, Онисипор оны жігерлендірген

Ехоба мейірімді адамдарға қалай қарайды?