Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қарттық; қариялар

Қарттық; қариялар

Жасы ұлғайған адамның жағдайы қандай болады?

Зб 71:9; 90:10

Сондай-ақ “Жұбаныш/Ауру не қарттық мүмкіндігімізді шектегенде

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Уғ 12:1—8 Сүлеймен патша қарттықтың кейбір белгілерін, мысалы көздің көруі (“терезеден қараған бикештер қараңғылықты ғана көреді”) мен есту қабілетінің нашарлауын (“ән айтқан барлық қыздардың даусы жай шығады”) астарлы тілмен сипаттады

Қарттық мүмкіндіктерін шектегенде не азапқа салғанда, қарияларға қуаныштарын сақтап қалуға не көмектеседі?

Қ2х 4:16—18; Жқ 1:2—4

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 12:2, 23 Қартайған Самуил пайғамбар Ехобаның халқы үшін үздіксіз дұға айтудың қаншалықты маңызды екенін білген

    • С2ж 19:31—39 Дәуіт патша Барзилай қарияның танытқан адалдығына риза болды; қарапайым болған Барзилай өз шамасын ескеріп, патшаның ұсынысынан бас тартты

    • Зб 71:9, 18 Қартайған шағымда пайдам тимей қалады деп қорыққан Дәуіт патша Ехобадан оны тастамауын және келер ұрпақты үйретуге күш беруін жалбарынып сұрады

    • Лқ 2:36—38 Егде тартқан жесір Анна пайғамбар Құдайға берілгендігі мен адал қызметі үшін батаға кенелді

Ехоба қарттарды бағалайтынын қалай көрсетеді?

Зб 92:12—14; Н.с 16:31; 20:29; Иш 46:4; Тт 2:2—5

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 12:1—4 Ехоба 75 жастағы Ыбырайымға өмірін түгел өзгерткен ерекше тапсырма берді

    • Дн 10:11, 19; 12:13 Тоқсан жастағы Даниял пайғамбарға бір періште келіп, оның Ехоба үшін аса бағалы жан екенін және ол адалдығы үшін сый алатынын айтқан

    • Лқ 1:5—13 Ехобаның жасаған кереметінің арқасында Зәкәрия мен әйелі Елізабет егде тартқан шақтарында ұлды болып, атын Жақия деп қойды

    • Лқ 2:25—35 Ехоба болашақта Мәсіх болатын нәрестені көрсетіп, қартайған Шимонды зор мәртебеге бөледі; Шимон болса рухтың жетелеуімен Мәсіх жайлы пайғамбарлық айтты

    • Е.і 7:23, 30—36 Ехоба Мұса пайғамбарды өз халқына жетекші етіп қойғанда, оның жасы 80-де болатын

Адал қарт бауырластарға қалай қарауымыз керек?

М3ж 19:32; Т1х 5:1

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 45:9—11; 47:12 Жүсіп қартайған әкесі Жақыпты қасына алдыртып, оған өмірінің соңына дейін қамқорлық көрсетті

    • Рут 1:14—17; 2:2, 17, 18, 23 Рут қартайған енесі Нағимаға сөзімен де, ісімен де демеу болды

    • Жх 19:26, 27 Азап бағанасында өлейін деп жатқанда Иса егде тартқан анасын сүйікті елшісі Жоханға тапсырды

Қауымдағы қарияларға көмек көрсетудің кейбір жолдары қандай?