Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Жұмыс

Жұмыс

Еңбек ету мен қуаныштың арасында қандай байланыс бар?

Жұмысты сапалы әрі шебер атқарып үйренудің қандай пайдасы бар?

Н.с 22:29

  • Ұқсас жағдайлар:

    • С1ж 16:16—23 Дәуіт талантты күйші ретінде танымал болды; Исраил патшасы Саул мазасызданғанда, ол арфада ойнап, патшаны тыныштандырды

    • Ш2ж 2:13, 14 Хирам-Әби өз ісінің шебері болғандықтан, Сүлеймен патша бастаған ғаламат құрылысқа көп пайдасын тигізді

Ехобаның қызметшілері қандай жұмысшы болулары керек?

Еф 4:28; Қл 3:23

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 24:10—21 Рабиға Ыбырайымның қызметшісі өтінгеннен де асырып істеді, бұдан оның еңбекқор әрі көмектесуге дайын екені көрінді

    • Фп 2:19—23 Жас Тімөте кішіпейіл әрі басқалардың қамы үшін ауыр еңбек етуге дайын болғандықтан, елші Пауыл оған үлкен жауапкершілік жүктеді

Неге Құдайдың қызметшілері жалқаулықпен күресу керек?

Н.с 13:4; 18:9; 21:25, 26; Уғ 10:18

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Н.с 6:6—11 Сүлеймен патша құмырсқаны мысалға келтіріп, жалқау болмай, еңбекқор болуға шақырған

Неліктен өзімізді қажетімізбен қамдау үшін еңбек етуіміз керек?

Неге отбасымызды асырау үшін еңбек етуіміз керек?

Т1х 5:8

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Рут 1:16, 17; 2:2, 3, 6, 7, 17, 18 Жесір қалған жас Рут енесі Нағиманы қамқорлау үшін ауыр еңбек етті

    • Мт 15:4—9 Құдайға қызмет еткенін сылтауратып, ата-анасының қамын жасамағандарды Иса қатты айыптаған

Мәсіхшілер еңбектері үшін алған ақыларымен не істеуге дайын болу керек?

Ақша табуға келгенде неге байсалды болуымыз керек?

Ехоба жұмысымызды жақсы атқаруға және қажетімізді қамдауға көмектескісі келетінін қайдан білеміз?

Мт 6:25, 30—32; Лқ 11:2, 3; Қ2х 9:10

  • Ұқсас жағдайлар:

    • М1ж 31:3—13 Лабан өзінің қол астында жұмыс істеген күйеубаласы Жақыпқа әділетсіздік жасады, бірақ Ехоба оның ауыр еңбегін көріп, жарылқады

    • М1ж 39:1—6, 20—23 Жүсіп Потифардың үйінде құл болып жүргенде де, түрмеде отырғанда да, Ехоба оның еңбегіне батасын берді

Неге біздің жұмысымыз Құдайға деген қызметімізден маңызды болып кетпеу керек?

Зб 39:5—7; Мт 6:33; Жх 6:27

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Лқ 12:15—21 Иса кәдімгі байлықты рухани байлықтан жоғары қою қаншалықты ақымақтық екенін мысалмен түсіндірді

    • Т1х 6:17—19 Елші Пауыл бақуатты мәсіхшілерді менмендіктен сақ болып, “игі істерге бай” болуға талпындырды

Жұмыс таңдағанда қандай принциптерді ескеру керек?

Ехобаға қызмет ету

Мәсіхшілер атқаратын ең маңызды іс қандай?

Неге біз Ехобаға бар жан-тәнімізбен қызмет еткіміз келеді?

Неге мәсіхшілер қызметтерін бір-бірінікімен салыстырмау керек?

Ғл 6:3—5

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Мт 25:14, 15 Иса мысал келтіріп, ізбасарларының бәрі бір деңгейде қызмет етеді деп күтпейтінін көрсетті

    • Лқ 21:2—4 Иса жесір әйелдің титтей садақасын өте құнды деп бағалады

Ұйымда тапсырылған қызметті атқаруға қажетті күшті қайдан аламыз?

Қ2х 4:7; Еф 3:20, 21; Фп 4:13

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Т2х 4:17 Елші Пауыл қажетті күшті дер кезінде алғанын айтты

Ехобаға ынты-шынтымызбен қызмет ету бізді неге қуантады?