Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ғибадат

Ғибадат

Біз тек кімге ғибадат етуіміз керек?

М2ж 34:14; М5ж 5:8—10; Иш 42:8

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Мт 4:8—10 Шайтан Исаға дүниедегі барлық патшалықтарды ұсынып, бір рет табынуды сұрады; бірақ Иса тек Ехобаға ғибадат етемін деп бел буғандықтан, бірден бас тартты

    • Аян 19:9, 10 Құдіретті бір періште елші Жоханды өзіне табындырмай қойды

Ехоба біздің оған қалай ғибадат еткенімізді қалайды?

Жх 4:24; Жқ 1:26, 27

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Иш 1:10—17 Заң-талаптарымен өмір сүрмейтін екіжүзді адамдардың ғибадатын Ехоба қабыл алмайды, тіпті жек көреді

    • Мт 15:1—11 Исаның сөздерінен көретініміздей, Құдайға ғибадат етіп жатырмыз деп, бірақ оның заңдарынан адамдардың дәстүрін жоғары қоятындарды Ехоба еш жақтырмайды

Мүмкін болған кездің бәрінде біз Ехобаға кімдермен бірге ғибадат етуіміз керек?

Ев 10:24, 25

Сондай-ақ Зб 133:1—3

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Е.і 2:40—42 Бірінші ғасырда мәсіхшілер дұға ету үшін, араласу үшін және киелі рух білдірген ілімдерді зерттеу үшін бірге бас қосқан

    • Қ1х 14:26—40 Елші Пауыл қауымда барлығы тәлім алып, айтылып жатқанды түсіну үшін, қауым кездесулері тәртіппен әрі жігер беретіндей өту керектігін айтқан

Ғибадатымыз Ехобаға ұнамды болу үшін не істеуіміз керек?

Мт 7:21—24; Ж1х 2:17; 5:3

  • Ұқсас жағдайлар:

    • Ев 11:6 Елші Пауыл сенім болмаса, ғибадатымыз Ехобаға ұнамды болмайтынын түсіндірді

    • Жқ 2:14—17, 24—26 Исаның бауыры Жақып сенім мен іс-әрекет қатар жүретінін айтқан; сенім бізді іс-әрекетке талпындырады