152-ӘН
Саған даңқ әкелсін
(Патшалар 1-жазба 8:27; Шежірелер 1-жазба 29:14)
1. Ехоба, заңғар көктің өзі
Сыйғыза алмас өзіңді.
Болса да тым шағын мына үй,
Қондыршы, Әке, рухыңды.
Халқың ғибадат үйін соғып,
Саған арнады бағыштап.
Шаттыққа бөлеп жүрегіңді,
Жүреміз адалдық сақтап.
ӨТКЕЛ:
Өзіңе ұсынған
Барлық сый-тартулардың
Қайнары бір өзің ғой,
Уа, Жаратқан Әке.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ән сап ризашыл жүрекпенен,
Рақмет дейміз бар ісіңе.
Жар болып өзің келгендіктен,
Бой көтерді бұл үй, міне.
2. Ехоба, бұл үй үнсіз ғана
Атақ-даңқыңды паш етер.
Сені сүйген халқың бұл жерде
Атқарар маңызды істер.
Сенің еркіңді орындаймыз,
Шұғыл істер көп күттірмес.
Ұлыңның берген тапсырмасын
Орындап, қосамыз үлес.
ӨТКЕЛ:
Арнаймыз қуана
Уақыт, күш, барымызды.
Лайықсың сен, Ехоба,
Ең жақсы сыйларға.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ән сап ризашыл жүрекпенен,
Рақмет дейміз бар ісіңе.
Жар болып өзің келгендіктен,
Бой көтерді бұл үй, міне.