Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӘҢГІМЕ БАСТАУ

1-САБАҚ

Қызықты тақырыпта сөйлеу

Қызықты тақырыпта сөйлеу

Принцип: “Сүйіспеншілік. . . өзімшіл. . . емес” (Қор. 1-х. 13:4, 5).

Иса не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Жохан 4:6—9 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   а. Әйелмен әңгіме бастамас бұрын, Иса қалай байқампаз болды?

  2.  ә. Иса: “Маған ішетін су берші”,— деді. Неліктен бұл әңгіме бастаудың ұтымды жолы болды?

Исадан не үйренеміз?

2. Адамға қызық болатын тақырыпты қозғасақ, жақсы әңгіме-дүкен құра аламыз.

Исаға еліктеңіз

3. Икемді болыңыз. Әңгімені өзіңіз қалаған тақырыптан емес, адамдарды ойландырып жүрген тақырыптан бастаңыз. Былай ойланып көріңіз:

  1.   а. Жаңалықтарда не айтылып жатыр?

  2.  ә. Көршілерім, әріптестерім, сыныптастарым не жайлы айтып жүр?

4. Байқампаз болыңыз. Былай деп ойланыңыз:

  1.   а. Адам немен айналысып жатыр? Оның ойында не болуы мүмкін?

  2.  ә. Адамның киімінен, сырт келбетінен, үйінен оның діні мен мәдениеті жайлы не білуге болады?

  3.  б. Дәл қазір адаммен әңгіме бастауға қолайлы уақыт па?

5. Тыңдаңыз.

  1.   a. Көп сөйлемеңіз.

  2.  ә. Адамды ойын айтуға талпындырыңыз. Орынды болса, сұрақтар қойыңыз.