Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӘҢГІМЕ БАСТАУ

3-САБАҚ

Мейірімділік

Мейірімділік

Принцип: “Сүйіспеншілік. . . мейірімді” (Қор. 1-х. 13:4).

Иса не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Жохан 9:1—7 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   а. Иса ең алдымен не істеді: зағипты сауықтырды ма, әлде ізгі хабармен бөлісті ме? (Жохан 9:35—38 қараңыз)

  2.  ә. Адам Исаны тыңдауға неліктен ықыласты болды?

Исадан не үйренеміз?

2. Қамын ойлап тұрғанымызды сезсе, адам хабарымызға құлақ асуы мүмкін.

Исаға еліктеңіз

3. Жанашыр болыңыз. Өзіңізді адамның орнына қойып көріңіз.

  1.   а. “Оны не уайымдатуы мүмкін? Оған қандай көмек қажет немесе қандай сөздер жағымды болар еді?”— деп ойланыңыз. Сонда адамға шын жүректен мейірімділік көрсете аласыз.

  2.  ә. Адамды мұқият тыңдап, оның жағдайы сізге бәрібір емес екенін көрсетіңіз. Ол проблемаларын, сезімдерін айтып жатса, әңгімені басқа жаққа бұрмаңыз.

4. Мейіріммен әрі құрметпен сөйлеңіз. Адамға жаныңыз ашып, оған көмектескіңіз келіп тұрғаны даусыңыздан да байқалады. Сондықтан не айтатыныңызға, қалай айтатыныңызға мұқият болыңыз. Көңіліне тиетін сөздерден аулақ болыңыз.

5. Көмегіңізді аямаңыз. Адамға іс жүзінде көмектесудің жолын іздеңіз. Танытқан мейірімділігіңіз адаммен әңгіме бастауға қозғау болуы мүмкін.

ҚОСЫМША ТАРМАҚТАР