Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӘҢГІМЕ БАСТАУ

4-САБАҚ 

Кішіпейілділік

Кішіпейілділік

Принцип: “Кішіпейілділікпен басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар” (Філіп. 2:3).

Пауыл не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Елшілердің істері 26:2, 3 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   a. Пауыл Агриппа патшамен сөйлескенде, қалай кішіпейілділік танытты?

  2.  ә. Пауыл қалай адамның назарын өзіне емес, Ехоба мен Жазбаларға аударды? (Елшілердің істері 26:22 қараңыз)

Пауылдан не үйренеміз?

2. Кішіпейілділікпен әрі құрметпен сөйлесек, хабарымыз анағұрлым тартымды болады.

Пауылға еліктеңіз

3. Дәрежесін түсірмеңіз. Өзіңіз бәрін білетіндей, ал қасыңыздағы адам түк білмейтіндей әсер қалдырмаңыз. Оған құрметпен сөйлеңіз.

4. Сіз айтып жатқан шындықтар Киелі кітаптан екені анық көрінсін. Құдай Сөзі адамның ойы мен сезіміне әсер ете алады. Сондықтан оны қолдансақ, адамның сенімі дұрыс негізге қаланады.

5. Жұмсақтық таныта беріңіз. Өз дегеніңізде тұрып алмаңыз. Біз ешкіммен дауласқымыз келмейді. Сабырлы болып, қажет болса кетіп қалыңыз, осылай кішіпейілділік көрсетесіз (Нақ. с. 17:14; Тит. 3:2). Берген жұмсақ жауабыңыз келесіде жақсы әңгімеге жол ашуы мүмкін.