Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӘҢГІМЕ БАСТАУ

5-САБАҚ 

Ізеттілік

Ізеттілік

Принцип: “Сөздерің әрқашан жағымды да дәмді болсын” (Қол. 4:6).

Пауыл не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Елшілердің істері 17:22, 23 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   а. Афинадағы пұттарды көргенде, Пауыл не сезінді? (Елшілердің істері 17:16 қараңыз)

  2.  ә. Пауыл қалайша афиналықтарды соттамай, олардың сенімдерін тілге тиек етіп, ізгі хабарды ізетпен жеткізді?

Пауылдан не үйренеміз?

2. Не айтатынымызға, қалай және қашан айтатынымызға мұқият болсақ, адамдар хабарымызды тыңдауы мүмкін.

Пауылға еліктеңіз

3. Сөзіңізді дұрыс таңдаңыз. Мысалы, христиан дінін ұстанбайтын адамдарға Киелі кітап не Иса деген сөздерді бейімдеп айтыңыз.

4. Түзетуге асықпаңыз. Адамға ойындағысын ашық айтуға мүмкіндік беріңіз. Киелі кітапқа қайшы келетін нәрсе айтып жатса, сөз таластырмаңыз (Жақ. 1:19). Оны тыңдасаңыз, көзқарасын біліп аласыз (Нақ. с. 20:5).

5. Реті келгенде айтқанымен келісіп, мақтап қойыңыз. Адам ұстанып жүрген дінім дұрыс деп шын көңілден сенетін шығар. Сондықтан алдымен ортақ тақырыпта сөйлесіп, кейін біртіндеп Киелі кітап ілімдерін түсіндіріңіз.