Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӘҢГІМЕ БАСТАУ

6-САБАҚ 

Батылдық

Батылдық

Принцип: “Сендерге ізгі хабарды айту үшін Құдайдың арқасында батылдыққа ие болдық” (Сал. 1-х. 2:2).

Иса не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Лұқа 19:1—7 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   а. Кейбіреулер Зақайдан неге қашқақтаған болуы мүмкін?

  2.  ә. Ал Иса оған не себепті уағыздады?

Исадан не үйренеміз?

2. Біз ешкімді бөліп-жармай, ізгі хабарды батылдықпен айтуымыз керек.

Исаға еліктеңіз

3. Ехобаға арқа сүйеңіз. Исаға Құдай рухы күш берген, ол сізге де күш дарыта алады (Мат. 10:19, 20; Лұқа 4:18). Кейбір адамдарға уағыздауға қорықсаңыз, Ехобадан батылдық сұраңыз (Ел. іс. 4:29).

4. Сыртынан тон пішпеңіз. Біз адамның сырт-келбетіне, әлеуметтік деңгейіне, өмір салтына не ұстанатын дініне қарап, сөйлесуден қашқақтайтын шығармыз. Бірақ мынаны ұмытпаңыз:

  1.   а. Ехоба мен Иса жүректі оқи алады, ал біз оқи алмаймыз.

  2.  ә. Ехоба кез келген адамға мейірім таныта алады.

5. Ізеттілік пен сақтықты да ұмытпаңыз (Мат. 10:16). Дауласудан аулақ болыңыз. Адам тыңдағысы келмесе не бір қауіпті байқасаңыз, сыпайы түрде әңгімені аяқтап, кетіп қалыңыз (Нақ. с. 17:14).