Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

8-САБАҚ 

Шыдамдылық

Шыдамдылық

Принцип: “Сүйіспеншілік шыдамды” (Қор. 1-х. 13:4).

Иса не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Жохан 7:3—5 және Қорынттықтарға 1-хат 15:3, 4, 7 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   а. Исаның бауырлары оның хабарына басында қалай қарады?

  2.  ә. Иса бауыры Жақыптан үміт үзбегені неден көрінді?

Исадан не үйренеміз?

2. Біреулерге ізгі хабарды қабылдау үшін ұзағырақ уақыт кетеді, сондықтан шыдамды болуымыз керек.

Исаға еліктеңіз

3. Түрлі тәсілді көріңіз. Адам зерттеу сабағына бірден келіспесе, оны күштемеңіз. Орынды болса, видеолар мен мақалалардың көмегімен зерттеу сабағы қалай өтетінін және оның қандай пайдасы бар екенін түсіндіріңіз.

4. Ешкіммен салыстырмаңыз. Әр адам әртүрлі. Туысыңыз не қызығушыңыз зерттеу сабағына келіспесе не Киелі кітаптағы бір ілімді қабылдамай жатса, мұның себебі неде екенін ойланып көріңіз. Бәлкім, ол сеніп келген бір діни ілімін қимай жатқан шығар. Я болмаса туыстары не көршілері қысым көрсетіп жатқан болар. Алып жатқан білімін қорыту үшін және Киелі кітаптағы шындықты бағалау үшін адамға уақыт беріңіз.

5. Қызығушыңыз туралы дұға етіңіз. Ехобадан “маған оң көзқарас сақтауға және ізетті болып қалуға көмектесші” деп сұраңыз. Аса қызығушылығы жоқ адаммен әңгімені қашан доғару керектігін түсіну үшін даналық сұрасаңыз да болады (Қор. 1-х. 9:26).