Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

9-САБАҚ 

Жанашырлық

Жанашырлық

Принцип: “Қуанғандардың қуанышына, қайғырғандардың қайғысына ортақ болыңдар” (Рим. 12:15).

Иса не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Марқа 6:30—34 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   a. Неге Иса мен елшілері “оңаша бір жерге” кеткілері келді?

  2.  ә. Жұртқа тәлім беруге Исаны не талпындырды?

Исадан не үйренеміз?

2. Жанашыр болсақ, ізгі хабарды айтып қана қоймай, адамдарға көмек көрсетеміз.

Исаға еліктеңіз

3. Мұқият тыңдаңыз. Адамға өз ойын айтуға мұрсат беріңіз. Ол сезімдерімен, уайымымен бөліссе я қарсы пікір айтса, сөзін бөлмеңіз не бірден жоққа шығармаңыз. Адамды мұқият тыңдасаңыз, оның ойы сізге бәрібір емес екенін көрсетесіз.

4. Қызығушы жайлы ойланыңыз. Адаммен әңгімелескеннен кейін былай деп ойланыңыз:

  1.   а. Неге ол шындықты білуге мұқтаж?

  2.  ә. Киелі кітапты оқығаны оның күнделікті өмірі мен болашағын қалай жақсартады?

5. Адам қажет етіп тұрған мәліметті айтыңыз. Зерттеу сабағында ол өзінің сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестерді таба алатынын оған мүмкіндігінше тезірек көрсетіп өтіңіз.