Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУ

10-САБАҚ 

Жауапкершілікпен қарау

Жауапкершілікпен қарау

Принцип: “Құдайдың ізгі хабарын жеткізіп қана қоймай, жанымызды беруге дайын болдық, өйткені өздеріңді жақсы көріп кеттік” (Сал. 1-х. 2:8).

Иса не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Жохан 3:1, 2 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   а. Нікөдем Исаға не себепті түнде келген болуы мүмкін? (Жохан 12:42, 43 қараңыз)

  2.  ә. Исаның Нікөдеммен түнде сөйлескенінен шәкірт дайындау ісіне жауапкершілікпен қарайтыны қалай көрінді?

Исадан не үйренеміз?

2. Шәкірт дайындау ісіне жауапкершілікпен қарасақ, адамдарды сүйетінімізді көрсетеміз.

Исаға еліктеңіз

3. Адамға қолайлы жерде, қолайлы уақытта зерттеңіз. Адам аптаның нақты бір күнінде не күннің нақты бір уақытында зерттегісі келуі мүмкін. Оған қай жерде зерттеген ыңғайлы болады: жұмыс орнында ма, үйінде ме, әлде қоғамдық орында ма? Мүмкін болса, кестеңізді зерттеушіге бейімдеңіз.

4. Жүйелі түрде зерттеңіз. Басқа жаққа кетіп бара жатсаңыз, зерттеу тоқтап қалмасын. Былай деп ойланып көріңіз:

  1.   a. Зерттеуді аптаның басқа күнінде өткізе аламын ба?

  2.  ә. Зерттеуді телефонмен не видео-байланыспен өткізе аламын ба?

  3.  б. Басқа жариялаушы зерттеуді өткізе тұра ала ма?

5. Оң көзқарас сұрап дұға етіңіз. Зерттеушіңіз жүйелі түрде зерттей алмай, білгендерін бірден қолдана алмай жатса, Ехобадан табанды болуға көмек сұраңыз (Філіп. 2:13). Зерттеушінің жақсы қасиеттері көп екені сөзсіз, Ехобаға “соларға көбірек назар аударайыншы” деп дұға етіңіз.