Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУ

11-САБАҚ 

Қарапайым сөйлеу

Қарапайым сөйлеу

Принцип: “Ауыздарыңнан түсінікті сөз шықсын” (Қор. 1-х. 14:9).

Иса не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Матай 6:25—27 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   a. Ехоба біздің қамымызды ойлайтынын Иса қалай түсіндірді?

  2.  ә. Иса құстар жайлы көп жайтты білсе де, қандай қарапайым нәрсеге назар аударды? Бұл неге тиімді болды дей аламыз?

Исадан не үйренеміз?

2. Қарапайым тәлім берсек, білгендері адамның жүрегіне жетеді және есте жақсы сақталады.

Исаға еліктеңіз

3. Тым көп сөйлемеңіз. Тақырыпқа қатысты білетініңіздің бәрін айтпай, зерттеу құралындағы мәліметке назар аударыңыз. Сұрақ қойған соң, зерттеушінің жауабын шыдаммен күтіңіз. Егер ол жауабын білмесе не Киелі кітап ілімдеріне қайшы ой айтса, дұрыс тұжырымға келуге көмектесетін қосымша сұрақтар қойыңыз. Ал негізгі ойды түсінген кезде, әрі қарай жылжыңыз.

4. Зерттеушіге жаңа шындықтарды осыған дейін білгендерімен байланыстыруға көмектесіңіз. Мысалы, қайта тірілу жайлы сабақты бастамас бұрын, марқұмдардың күйі жайлы білгендерін қысқаша қайталап өтсеңіз болады.

5. Мысалдарды мұқият таңдаңыз. Мысал келтірмес бұрын былай деп ойланыңыз:

  1.   a. Мысалым қарапайым ба?

  2.  ә. Зерттеушім оны оңай түсіне ме?

  3.  б. Бұл мысал негізгі ойды есте сақтап қалуға көмектесе ме, әлде мысал ғана есте қала ма?

ҚОСЫМША ТАРМАҚТАР