Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУ

12-САБАҚ 

Ашық айту

Ашық айту

Принцип: “Жүрек қуанар май мен хош иісті заттан, Шын көңілден кеңес беретін жан достан” (Нақ. с. 27:9).

Иса не істеді?

1. ВИДЕОНЫ көріңіз не Марқа 10:17—22 оқыңыз. Кейін мына сұрақтарға ой жүгіртіңіз:

  1.   а. Иса бір басшының бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқаса керек?

  2.  ә. Оған кеңес беру үшін неге Исаға сүйіспеншілік те, батылдық та қажет болды?

Исадан не үйренеміз?

2. Рухани өсуге көмектесу үшін адамға сүйіспеншілік көрсетуіміз, сөйте тұра ашық айтуымыз керек.

Исаға еліктеңіз

3. Зерттеушіге мақсаттар қойып, соған жетуге көмектесіңіз.

  1.   а. “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабындағы әр сабақтың “Мақсат” деген бөлігін қолданыңыз.

  2.  ә. Зерттеушіге алдына қойған кішігірім я үлкен мақсаттарына жету үшін не істей алатынын түсіндіріңіз.

  3.  б. Жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.

4. Рухани өсуіне кедергі болып жатқан қиындықтарды анықтап, оларды жеңуге көмектесіңіз.

  1.    Былай деп ойланыңыз:

    • Зерттеушім шомылдыру рәсімінен өтуге әрекет жасамаса, мұның себебі неде?

    • Оған қалай көмектесе аламын?

  2.   Оған не істеу керектігін ашық және сүйіспеншілікпен айта алу үшін дұғада батылдық сұраңыз.

5. Нәтижесіз зерттеу сабағын тоқтатыңыз.

  1.    Зерттеу сабағын жалғастыру-жалғастырмауды анықтау үшін мына сұрақтар бойынша ойланыңыз:

    • Зерттеушім білгендерін өмірінде қолдана ма?

    • Қауым кездесулеріне бара ма, шындық жайлы өзгелерге айта ма?

    • Біраз уақыт бойы зерттеп жүрген болса, Ехоба куәгері болуға қалауы бар ма?

  2.   Ешқандай қадам жасағысы келмесе:

    • Одан себебін сұраңыз.

    • Зерттеу сабағын неге тоқтатқыңыз келетінін ізетпен түсіндіріңіз.

    • Болашақта зерттеу сабағын қайта жалғастырғысы келіп жатса, не істеу керектігін айтыңыз.