Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

А ҚОСЫМШАСЫ

Біз үйрететін шындықтар

Біз үйрететін шындықтар

Иса ақжүрек адамдар шындықты естігенде, оны тапқандарын түсінетінін айтқан (Жох. 10:4, 27). Сондықтан адамдармен сөйлескенде, қарапайым шындықтарды айтқымыз келеді. Мысалы, “Сіз мына жайлы білгенсіз бе?” немесе “Сіз мына жайлы естігенсіз бе?” деп, бір шындықпен бөлісіңіз. Кейін, сол шындықты түсіндіретін тармақтарды көрсетіңіз. Киелі кітаптағы қарапайым шындықты айтуымызбен адамның жүрегіне тұқым себе аламыз, ал Құдай оны өсіруі мүмкін (Қор. 1-х. 3:6, 7).

 БОЛАШАҚ

  1. 1. Орын алып жатқан оқиғалар мен адамдардың мінез-құлқына қарап, жақында жағдай өзгеретінін білуге болады (Мат. 24:3, 7, 8; Лұқа 21:10, 11; Тім. 2-х. 3:1—5).

  2. 2. Жер ешқашан жойылмайды (Зәб. 104:5; Уағ. 1:4).

  3. 3. Қоршаған орта қалпына келеді (Ишая 35:1, 2; Аян 11:18).

  4. 4. Бәрінің дені сау болады (Ишая 33:24; 35:5, 6).

  5. 5. Сіз жерде мәңгі өмір сүре аласыз (Зәб. 37:29; Мат. 5:5).

 ОТБАСЫ

  1. 6. Күйеу “әйелін өзін сүйгендей сүюі” керек (Ефес. 5:33; Қол. 3:19).

  2. 7. Әйел күйеуін терең құрметтеу керек (Ефес. 5:33; Қол. 3:18).

  3. 8. Әйел мен күйеу бір-біріне адал болу керек (Малх. 2:16; Мат. 19:4—6, 9; Евр. 13:4).

  4. 9. Ата-анасын сыйлап, тілін алатын балалар бақытты болады (Нақ. с. 1:8, 9; Ефес. 6:1—3).

NASA, ESA and the Hubble Heritage Team (STScI/AURA)-ESA/Hubble Collaboration. Licensed under CC BY 4.0. Source.

 ҚҰДАЙ

  1. 10. Алла Тағаланың есімі бар (Зәб. 83:18; Ерм. 10:10).

  2. 11. Құдайдың бізге арнаған хабары бар (Тім. 2-х. 3:16, 17; Пет. 2-х. 1:20, 21).

  3. 12. Құдай әділ, ешкімді бөліп-жармайды (Мұс. 5-ж. 10:17; Ел. іс. 10:34, 35).

  4. 13. Құдай бізге көмектескісі келеді (Зәб. 46:1; 145:18, 19).

 ДҰҒА

  1. 14. Құдай оған дұға еткенімізді қалайды (Зәб. 62:8; 65:2; Пет. 1-х. 5:7).

  2. 15. Киелі кітапта қалай дұға ету керектігі айтылған (Мат. 6:7—13; Лұқа 11:1—4).

  3. 16. Біз жиі дұға етуіміз керек (Мат. 7:7, 8; Сал. 1-х. 5:17).

 ИСА

  1. 17. Иса ұлы тәлімгер болған. Оның кеңестері әрдайым пайдалы (Мат. 6:14, 15, 34; 7:12).

  2. 18. Біз куә болып жүрген оқиғалардың болатынын Иса алдын ала айтып кеткен (Мат. 24:3, 7, 8, 14; Лұқа 21:10, 11).

  3. 19. Иса — Құдайдың ұлы (Мат. 16:16; Жох. 3:16; Жох. 1-х. 4:15).

  4. 20. Иса — Құдай емес (Жох. 14:28; Қор. 1-х. 11:3).

Based on NASA/Visible Earth imagery

 ҚҰДАЙ ПАТШАЛЫҒЫ

  1. 21. Құдай Патшалығы — көктегі шынайы үкімет (Дан. 2:44; 7:13, 14; Мат. 6:9, 10; Аян 11:15).

  2. 22. Құдай Патшалығы жердегі үкіметтердің орнын басады (Зәб. 2:7—9; Дан. 2:44).

  3. 23. Құдай Патшалығы ғана адамдардың проблемаларын шеше алады (Зәб. 37:10, 11; 46:9; Ишая 65:21—23).

 ҚАЙҒЫ-ҚАСІРЕТ

  1. 24. Адамдардың қиындығына Құдай кінәлі емес (Мұс. 5-ж. 32:4; Жақ. 1:13).

  2. 25. Дүниені билеп отырған Шайтан (Лұқа 4:5, 6; Жох. 1-х. 5:19).

  3. 26. Сіздің қасірет шеккеніңізге Құдай бейжай қарамайды (Зәб. 34:17—19; Ишая 41:10, 13).

  4. 27. Құдай жақында қасірет атаулының түбіне балта шабады (Ишая 65:17; Аян 21:3, 4).

 ӨЛІМ

  1. 28. Марқұмдар еш нәрсе сезбейді; олар қиналып жатқан жоқ (Уағ. 9:5; Жох. 11:11—14).

  2. 29. Өлгендер бізге пайдасын да, зиянын да тигізе алмайды (Зәб. 146:4; Уағ. 9:6, 10).

  3. 30. Қайтыс болған жақындарымыз тіріледі (Әйүп 14:13—15; Жох. 5:28, 29; Ел. іс. 24:15).

  4. 31. “Қайтып өлім. . . болмайды” (Аян 21:3, 4; Ишая 25:8).

 ДІН

  1. 32. Құдайға барлық діндер ұнай бермейді (Ерм. 7:11; Мат. 7:13, 14, 21—23).

  2. 33. Құдай екіжүзділікті жек көреді (Ишая 29:13; Миха 3:11; Мар. 7:6—8).

  3. 34. Сүйіспеншілікке қарап шынайы дінді анықтауға болады (Миха 4:3; Жох. 13:34, 35).