Ә ҚОСЫМШАСЫ
Әңгімені аяқтауым керек пе?
Әлдебіреу шын ниетпен сұрақ қойса не уайымымен бөліссе, біз қуана әңгімелесеміз. Біз “мәңгі өмірге ыңғай танытатын” адамдармен сөйлескіміз келеді (Ел. іс. 13:48).
Ал егер адам ашуланып, ұрысқысы келіп тұрса не дәл қазір сөйлескісі келмесе, не істеуіміз керек? Сабыр сақтап, ізетпен әңгімені тоқтатыңыз (Нақ. с. 17:14). Адаммен болашақта сөйлесе алу үшін әңгімені жақсы мәнерде аяқтаңыз (Пет. 1-х. 2:12).