Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Б ҚОСЫМШАСЫ

“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен зерттеуді қалай өткізуім керек?

“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен зерттеуді қалай өткізуім керек?

Бауырластар “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабын көп дұға етіп және мұқият ізденіс жасай отырып шығарды. Бұл кітаптың барынша пайдасын көру үшін, Киелі кітап зерттеу сабағын өткізгенде төмендегі тәсілдерді қолданыңыз:

Зерттеуді өткізбес бұрын

  1. 1. Тиянақты дайындалыңыз. Дайындық барысында зерттеушіңіздің қажеттілігін, жағдайын, көзқарасын ескеріңіз. Оған қандай мәліметті түсіну не қабылдау қиын болуы мүмкін, сол жайында ойланып көріңіз. “Қосымша ізденіңіз” бөлігіндегі мәліметтердің зерттеушіге тигізетін пайдасы жайлы ойланып, сабақ кезінде қажет болса, сол мәліметтерді қолданыңыз.

Зерттеу барысында

  1. 2. Зерттеуші қарсы болмаса, зерттеуді дұғамен бастап, дұғамен аяқтаңыз.

  2. 3. Көп сөйлеуден аулақ болыңыз. Зерттеу құралындағы мәліметтен ауытқып кетпеңіз және зерттеушіге ойын айтуға мүмкіндік беріңіз.

  3. 4. Жаңа бөлімді бастағанда бөлімнің басындағы ойбағдарды оқыңыз және кейбір сабақтардың тақырыптарына назар аударып кетіңіз.

  4. 5. Бір бөлімді аяқтаған соң, зерттеушіңіз білгендерін есте сақтау үшін, бөлімді қайталауға арналған бөлікті қарастырыңыз.

  5. 6. Әр сабақты зерттегенде:

    1. а. Абзацты оқыңыздар.

    2. ә. “Оқыңыз” делінген барлық тармақты оқыңыздар.

    3. б. Қажет болса, басқа тармақтарды да оқыңыздар.

    4. в. Қолжетімді болса, “Бейнероликті көріңіз” деген видеоларды көріңіздер.

    5. г. Әр сұрақты талқылаңыздар.

    6. ғ. “Тереңірек үңіліңіз” деген бөліктегі суреттерге назар аударып, соған қатысты зерттеушінің ойын сұраңыз.

    7. д. “Мақсат” деген қоршауды қолданып, зерттеушіге рухани өсімін қадағалап жүруге көмектесіңіз. Оны жазылып тұрған мақсатқа жетуге не басқа мақсат қоюға, я болмаса екеуін де орындауға талпындырыңыз.

    8. е. Сабаққа дайындалғанда зерттеушіге “Қосымша ізденіңіз” бөлігіндегі қандай мақала не видео ұнағанын сұраңыз.

    9. ж. Бір өткенде сабақты түгел өтуге тырысыңыз.

Зерттеуден кейін

  1. 7. Зерттеушіңіз жайлы ойлап жүріңіз. Ехобаға дұға етіп, “зерттеушіме рухани өсуге көмектесші, оған көмектесуге маған да даналық берші” деп сұраңыз.