Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Исаның кереметтері шындық па, әлде ойдан шығарылған ба?

Исаның кереметтері шындық па, әлде ойдан шығарылған ба?

Исаның кереметтері шындық па, әлде ойдан шығарылған ба?

“ЖҰРТ жын соққан талайларды Исаға алып келді. Ол айтқан бұйрығымен жындарды қуып шығып, барлық науқастарды сауықтырып жіберді” (Матай 8:16). “Иса тұрып, желге тыйым салып, көлге де: “Тына қал, басыл!” — деп бұйырды. Сонда дауыл басылып, жым-жырт тыныштық орнады” (Марқа 4:39). Осы айтылғандар жайлы сіз не ойлайсыз? Осында суреттелгендердің тарихта болғандығына сенесіз бе, әлде тұспалдап айтылған әңгіме не жай аңыз деп ойлайсыз ба?

Бүгінгі таңда көбісі Исаның жасаған кереметтерінің шынымен болғандығына айтарлықтай күмән келтіреді. Қазір телескоп пен микроскоптар кеңінен қолданылып, ғарыш кеңістігін зерттеу мен ген инженериясы ғылыми жетістіктерге жетіп жатқан мына заманда кереметтер мен таңғажайыптар туралы оқиғаларға сену ақылға симайтындай болып көрінеді.

Кейбіреулерде кереметтер туралы әңгімелер қиялдан туған не тұспалдап айтылған деген ой қалыптасқан. Исаның “нағыз” болмысын көрсеткісі келген бір жазушы өзінің кітабында Мәсіхтің кереметтері жайлы әңгімелер мәсіхшілікті насихаттау мақсатымен жасалған “жарнама” ғана деп сипаттапты.

Өзгелер Исаның жасаған кереметтері ашықтан-ашық жасалған алаяқтық деп санайды. Исаның өзін де кейде алаяқ деп айыптаған. Б. з. екінші ғасырында өмір сүрген Юстин Мучениктің сөздеріне сәйкес, Исаны сынға салушылардың “оны сиқыршы, халықты алдап жүрген айлакер деп атауға дәті барған”. Кейбіреулер Иса: “Кереметтерін яһудилердің пайғамбары сияқты емес, өз кәсібін пұтқа табынушылардың ғибадатханаларында үйренген сиқыршы іспетті жасаған”,— дейді.

Расында да, “мүмкін емес” пе?

Адамдарда осындай күмән туу себебі — оларға кереметтерге сену қиын екендігінде болса керек. Өйткені олар табиғаттан тыс күштер осылай әрекет ете алады деген оймен келісе алмайды, тіпті бұлай болуы мүмкін емес деп есептейді. “Айт-айтпа, бәрібір керемет деген нәрсе жоқ”,— дейді өзін агносшымын деп санайтын бір жас жігіт. Ол осыдан кейін: “Кереметтер табиғаттың заңдарын бұзу болып табылады”,— деген 18-ші ғасырдың шотланд пәлсапашысы Давид Юмның сөздерін келтіреді.

Дегенмен де, көбісі қандай да бір жайттың болуы мүмкін емес деп ойланбастан үзілді-кесілді тұжырым жасауға бата алмаса керек. “Уорлд бук” энциклопедиясында кереметтерді “табиғаттағы белгілі заңдарға негіздеп түсіндіруге болмайтын жайт” делінген. Осы анықтамаға сүйенер болсақ, ғарышқа ұшу, желісіз байланыстар және навигациялық спутниктер не бары бір ғасыр бұрын адамдарға “керемет” болып көрінген болар еді. Сондықтан қазіргі ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмағандықтан ғана кереметтердің болуы мүмкін емес деу, әрине, әділдікке жатпас.

Егерде Киелі жазбалардағы Иса Мәсіх жасады деген кейбір кереметтерді қарастыратын болсақ, не байқауға болады? Исаның кереметтері шындық па, әлде ойдан шығарылған ба?