Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Болашағымыз қандай болмақ?

Болашағымыз қандай болмақ?

Болашағымыз қандай болмақ?

НЕГЕ БҰЛ СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫН БІЛУ МАҢЫЗДЫ? Адамның ертеңін білгені бүгінгі әрекетіне әсер етеді. Мысалы, болашаққа берік үміті болмаса, ол “бүгін ішіп-жеп тойып алайық, ертең бәрібір өлеміз” деген көзқарасты ұстанады (Қорынттықтарға 1-хат 15:32). Мұндай көзқарастың нәтижесінде адамдар жиі мешкейлікке, маскүнемдікке, уайым-қайғыға беріліп, нағыз тыныштық сезіне алмайды.

Жақсылықты адамнан күтетін болсақ, болашақтан еш үміт болмас еді. Жер, су, ауа әбден ластанған. Ядролық соғыс пен лаңкестік әрекеттің қаупі күннен күнге үдеуде. Табиғи апаттар мен жоқшылықтан миллиондаған адам жапа шегуде. Сөйтсе де болашаққа үміттенуге берік негіз бар.

Адам баласы болашағын алдын ала болжай алмайды. Алайда Ехоба Құдай ‘ақырғы жайттарды әуел бастан-ақ және әлі істелмеген істерді баяғыдан-ақ алдын ала білдіріп келеді’ (Ишая 46:10). Олай болса, Ехоба Құдай болашағымыз жайлы не дейді?

Киелі кітапта не айтылған?

Ехоба жер бетінің қалпына келместей бүлінуіне жол бермейді. Киелі кітапта Құдай ‘жерді құртқандардың өздерін құртатынын’ уәде еткен (Аян 11:18). Ол өзінің Патшалығы, яғни көктегі үкіметі, арқылы жер бетін зұлымдық атаулыдан тазартып, әуел бастағы ниетіне сай, жерді жұмаққа айналдырады (Жаратылыс 1:26—31; 2:8, 9; Матай 6:9, 10). Келесі жазба орындары жақында әрбір адамның өмірін өзгертетін жайттарды суреттеп, болашағымыздың қандай болатынын көрсетеді.

Забур 45:9, 10. “Келіп көріңдер Иенің істерін, Ол ойрандатты жаулардың жерлерін, Дүниедегі соғыстарды тоқтатып, Садақ, найза атаулыны сындырып, Күймелерді қиратты отқа жағып”.

Ишая 35:5, 6. “Сол кезде соқырлардың көздері ашылады, және саңыраулар еститін болады. Сол кезде ақсақ адам елік сияқты орнынан атып тұрады, мылқау пенде ән шырқай бастайды; өйткені шөлді аймаққа су келеді, және даланы су тасқыны басады”.

Ишая 65:21, 22. “Халқым үй салса, сонда өзі тұратын, жүзімдік отырғызса, соның жемісін өзі жейтін болады. Енді қайтып олардың үйлерінде бөтен кісілер тұрмайды, жүзімдіктерінің жемісін де жаулары жемейді”.

Даниял 2:44. “Сол патшалықтардың кезінде көктегі Құдай өмір-бақи құламайтын патшалық құрады әрі ол патшалық өзге бір халықтарға берілмейтін болады; ол барлық патшалықтарды қиратып, талқандайды, ал өзі мәңгілік тұрады.”

Жохан 5:28, 29. “Қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын еститін уақыт болады. Сонда өлгендер қабірден шығады”.

Аян 21:3, 4. “Құдайдың өзі... олардың Құдайы болады! Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды”.

Неге Киелі кітаптың жауабы жан дүниемізде тыныштық орнатады?

Алғаш естігенде, мұндай өмірді жай қиял ғой деуіміз мүмкін. Алайда оны адам емес, Құдайдың өзі уәде етіп отырғанын ұмытпайық. Ехоба Құдай ешқашан “жалған сөйлемейді” (Титке 1:2).

Құдайдың уәдесіне сенім артуды және оның заңдарын ұстанып өмір сүруді үйренетін болсаңыз, айналадағы жағдай қаншама қиын болса да, жан дүниеңіздегі тыныштықты сақтай аласыз. Соғыс, жоқшылық, ауру, кәрілік, тіпті өлім сізді өмірден түңілетіндей күйге түсіре алмайды. Себебі Құдай Патшалығы бар қиыншылықты түп тамырымен жоятынына сенімді боласыз.

Болашаққа деген мұндай үміт берік болу үшін не істеу керек? ‘Ой-тілектерді түбегейлі өзгертіп’, Құдайдың алдында “ненің игілікті, ұнамды және кемелді екеніне” көз жеткізуіңіз керек (Римдіктерге 12:2). Киелі кітап уәдесінің сенімді екенін дәлелдейтін басқа қандай айғақтар барын білгіңіз келетін шығар. Ол үшін зерттеу жүргізіп, анық-қанығын білу қажет. Бұл күш салуға тұратын іс, әрі онсыз жан дүниемізде тыныштықтың орнауы мүмкін емес.

[8, 9-беттердегі суреттер]

Киелі кітапта болашағымыз туралы не айтылған?

Ишая 35:5

Ишая 35:6

Жохан 5:28, 29