Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Шынайы Құдай жайлы не білеміз?

Шынайы Құдай жайлы не білеміз?

Исадан тәлім аламыз.

Шынайы Құдай жайлы не білеміз?

Құдайдың есімі бар ма?

Иса Құдайдың есімі бар екенін көрсетіп, былай деген: “Құдайға мына іспетті мінажат етіп сиыныңдар: “Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін” (Матай 6:9). Киелі кітапта Құдайдың есімі Ехоба екені айтылған (Забур 83:18, ЖД). Иса шәкірттері туралы Әкесіне дұға етіп: “Оларға Сенің есіміңді білдірдім және білдіре беремін де”,— деген (Жохан 17:26, сілтеме).

Ехоба деген кім?

Ехоба Жаратушы болғандықтан, Иса оны “шынайы Құдай” деген (Жохан 17:3). Сол себепті: “Сендер Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ “адамды бірін еркек, бірін әйел қылып” жаратқанын оқымап па едіңдер?”— деп айтқан (Матай 19:4). Сондай-ақ Иса: “Құдайдың Өзі — Рух”,— деген (Жохан 4:24). Сондықтан біз Құдайды көре алмаймыз (Мысырдан шығу 33:17—20).

Құдай бізден нені талап етеді?

Ең ұлы өсиет қандай деп сұраған кісіге Иса былай деп жауап берді: “Бәрінің ең бастысы мынау: “Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай! Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен, бар күш-қуатыңмен сүй!” Бұл басты өсиет. Ал екіншісі (де сол сияқты): “Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!” (Марқа 12:28—31).

Құдайды сүйетінімізді қалай көрсете аламыз?

Иса: ‘Мен Әкемді сүйемін’,— деген. Мұны ол қалай көрсетті? Ол: “Соның тапсыруы бойынша іс-әрекет жасаймын”,— деген (Жохан 14:31). Сонымен қатар: ‘Мен әрқашан Оған ұнайтынын істеймін’,— деп айтқан (Жохан 8:29). Біз де Құдайға ұнамды болуды қаласақ, ол туралы білім алуымыз керек. Шәкірттері үшін дұға еткенде, Иса былай деген: “Мәңгілік өмір, бұл — жалғыз шынайы Құдайды... жақыннан тану” (Жохан 17:3; Тімотеге 1-хат 2:4).

Құдайды қалай жақыннан тануға болады?

Құдай жайлы білудің бір жолы — оның жаратылыстарына назар аударып, ой жүгірту. Осыған қатысты Иса былай деген: “Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, орып, қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!” Мұнымен ол не айтқысы келді? Біз күнделікті тіршілік қамын тым уайымдап кетіп, мұның Құдайға қызмет етуге кедергі жасауына жол бермеуіміз керек (Матай 6:26—33).

Ехобаны білудің ең керемет жолы — оның Сөзі Киелі кітапты зерттеу. Иса Жазбаларды ‘Құдай сөзі’ деп атаған (Лұқа 8:21). Сондай-ақ ол Құдайға: “Сенің сөзің — шындық”,— деген (Жохан 17:17; Петірдің 2-хаты 1:20, 21).

Иса адамдарға Ехоба жайлы шындықты білуге көмектескен. Шәкірттерінің бірі Иса туралы: “Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?”— деген (Лұқа 24:32). Құдай туралы білу үшін кішіпейіл және үйренуге дайын болуымыз керек. Бұған қатысты Иса: “Теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кіші пейіл) болмасаңдар, Құдай Патшалығына еш кіре алмайсыңдар!”— деген (Матай 18:3).

Құдай туралы білім неге бақытты етеді?

Құдай бізге өмірдің мағынасын түсінуге көмектеседі. Иса: “Рухани мұқтаждықтарын мойындайтындар бақытты”,— деген (Матай 5:3). Ехоба бізге түзу жолды көрсетеді. Сондықтан: “Құдай Сөзін естіп, оны орындаушылар одан бетер бақытты”,— деген Иса (Лұқа 11:28; Ишая 11:9).

Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” * кітабының 1-ші тарауын қараңыз

[Сілтеме]

^ 17-абзац Ехоба куәгерлері басып шығарған.

[16-беттегі сурет]

“Оларға Сенің есіміңді білдірдім” (Жохан 17:26)

[16, 17-беттердегі суреттер]

Ехоба жайлы білуге жаратылыс және Киелі кітап көмектеседі