Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Неге Құдайдан білім алған абзал?

Неге Құдайдан білім алған абзал?

Құдай Сөзінен білім алайық

Неге Құдайдан білім алған абзал?

Бұл мақалада жиі көтерілетін сұрақтарға көңіл бөлінеді. Олардың жауабын сіз Киелі кітаптан оқып біле аласыз. Ехоба куәгерлері осы сұрақтарды сізбен бірге қарастыруға қуанышты болады.

1. Неге Құдайдан білім алған абзал?

Құдайдың адамзатқа арнаған ізгі хабары бар. Ол бізге Киелі кітап арқылы жетуде. Киелі кітапты сүйіспеншілікке толы әкенің баласына жазған хатына теңеуге болады (Ишая 48:17, 18 оқы).

2. Бұл қандай ізгі хабар?

Адамзат жақсы үкіметке мұқтаж. Адами билеушілердің ешқайсысы жер бетінен зұлымдықты, әділетсіздікті, ауру мен өлімді жоя алмайды. Қуанышымызға орай, Құдай адамзатқа билік жүргізетін жақсы үкімет орнататынын айтады. Бұл үкімет барлық қайғы-қасіретті түптамырымен жояды (Аян 11:15 оқы).

3. Құдайдан білім алу неліктен маңызды?

Жақында Құдай жер бетін зұлымдық жасайтындардан тазартады. Қазір ол миллиондаған кішіпейіл адамдарды сүйіспеншілікке негізделген ең керемет өмір жолымен жүруге үйретуде. Адамдар Киелі кітаптан қиыншылықтармен күресудің және шынайы бақытты табудың жолын, әрі Құдайға қалай ұнамды бола алатындарын білуде (Ишая 55:6 оқы).

4. Киелі кітаптың авторы кім?

Киелі кітап 66 кітапшадан тұрады. Оларды шамамен 40 адам жазған. Алғашқы бес кітапшаны 3500 жыл бұрын Мұса пайғамбар жазса, соңғысын 1900 жылдан астам уақыт бұрын елші Жохан жазған. Бірақ Киелі кітап жазушылары өз ойларын емес, Құдайдың сөздерін жазған. Сондықтан оның авторы — Құдайдың өзі (Тімөтеге 2-хат 3:16; Петірдің 2-хаты 1:21 оқы).

Киелі кітаптың Құдайдан келгенін онда болашаққа қатысты жайттардың дәл айтылғаны дәлелдейді. Ал бұл ешбір адамның қолынан келмейді (Ишая 46:9, 10). Сондай-ақ Киелі кітап Құдайдың керемет болмысын ашады. Киелі кітаптың адам өмірін жақсы жаққа өзгертетін күші де бар. Осы жайттарды білген миллиондаған адам Киелі кітаптың Құдай Сөзі екеніне сенуде (Еврейлерге 4:12; Салоникалықтарға 2-хат 2:13 оқы).

5. Киелі кітапты түсіну үшін не қажет?

Иса пайғамбар Құдай Сөзінің керемет үйретушісі болған. Көп адам Киелі кітапты білсе де, оны түсіну үшін көмекке мұқтаж еді. Сондықтан Иса пайғамбар жазба орындарынан үзінді келтіріп, олардың “мәнін түсіндірген”. Сізге көмектесу үшін “Құдай Сөзінен білім алайық” деген жаңа айдар да осы әдісті қолданады (Лұқа 24:27, 45 оқы).

Құдай Сөзінен керемет шындықтарды білуге болады. Солардың бірі — өмірдің мән-мағынасы жайлы шындық. Алайда Киелі кітапты оқығаныңызға бәрі бірдей қуанышты бола бермейді. Бірақ ұнжырғаңыз түспесін. Өйткені Құдай туралы білім мәңгі өмір сүру үшін қажет (Матай 5:10—12; Жохан 17:3 оқы).

Көбірек білу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының 2-тарауын қараңыз.