Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-пайғамбарлық. Бауырмалдықтың жоғалуы

4-пайғамбарлық. Бауырмалдықтың жоғалуы

4-пайғамбарлық. Бауырмалдықтың жоғалуы

“Адамдар... бауырмалдықтан жұрдай” (ТІМӨТЕГЕ 2-ХАТ 3:1—3).

● Солтүстік Уэльсте тұратын Крис отбасында зорлық-зомбылық көргендерге көмек көрсету қызметін атқарады. “Бірде соққы жеген бір әйелдің көмек іздеп келгені есімде. Мен оны одан бұрын да көргенмін, бірақ сол жолы оны танымай да қалдым, өйткені бет-аузы көкала қойдай еді,— дейді ол.— Ал басқа әйелдердің сезімдері жараланғаны сонша, еңсесін көтере алмай тұрады”.

ДЕРЕКТЕР НЕНІ КӨРСЕТЕДІ? Африканың бір еліндегі әйелдердің шамамен үштен бірі бала күнінде зорланған. Сол елде жүргізілген сауалнаманың барысында ер адамдардың үштен бірі не одан да көбі әйелдерін соққыға жығу кәдімгі нәрсе деп есептейтіні анықталды. Алайда отбасында зорлық көріп жүрген тек қана әйелдер емес. Мысалы, Канадада шамамен әр он ер кісінің үшеуін жұбайы ұрып-соққан не басқалай зорлық көрсеткен.

ЖИІ АЙТЫЛАТЫН ҚАРСЫ ПІКІР: Отбасындағы зорлық-зомбылық әрқашан да болған. Бар болғаны бүгінде бұл мәселеге бұрынғыға қарағанда көбірек мән берілуде.

МҰНДАЙ ПІКІР ДҰРЫС ПА? Соңғы жылдары отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтыла бастады. Алайда бұл мәселе көпшілікке мәлім болғандықтан одан жапа шегіп жатқандардың саны азайды ма? Жоқ, қайта өрши түсті.

СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? Тімөтеге 2-хат 3-тарау 1—3 тармақтардағы пайғамбарлық орындалып жатыр ма? Көптеген отбасыларында бауырмалдықтың жоқ екенін байқайсыз ба?

Біздің кезімізде орындалып жатқан бесінші пайғамбарлық ортақ үйімізге байланысты. Ендеше Киелі кітапта Жерге қатысты не айтылғанын қарастырайық.

[7-беттегі сөздер]

“Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамдағы ең сирек ашылатын қылмыс. Әйелдер күйеулерінен шамамен 35 рет жәбір көргеннен кейін ғана полицияға шағым түсіреді”. (ОТБАСЫНДА ЖӘБІР КӨРГЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ)