Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП: АДАМ КӨҢІЛІН ҚАЛДЫРМАЙТЫН ДІН БАР МА?

Шынайы дінді анықтау неліктен маңызды?

Шынайы дінді анықтау неліктен маңызды?

Өміріңізге қауіп төндіретін ауруды емдеу үшін сізге ота жасау керек делік. Сіз ота жасайтын дәрігердің жақсы хирург болғанын қалайтыныңыз сөзсіз, өйткені өміріңізді оның қолына тапсырғалы жатырсыз. Олай болса, сол дәрігердің тәжірибесі жайлы сұрастырып алғаныңыз даналыққа жатады емес пе?!

Сол сияқты діннің шынайы не шынайы емес екенін анықтау да өте маңызды. Себебі сіз қандай да бір діни ұйымның мүшесі болсаңыз, былайша айтқанда, рухани өміріңізді сол ұйымның қолына тапсырасыз. Ал бұл сіздің болашақта мәңгі өмір сүру үмітіңізге әсер етеді.

Құдай Сөзінде шынайы дінді анықтауға көмектесетін мынадай сөздер жазылған: “Әрбір ағаш жемісінен танылады” (Лұқа 6:44). Қандай да бір дінді алып қараңызшы, ол қандай жеміс әкеледі? Ондағы діни жетекшілердің бар назарлары ақшада ма? Сол діннің мүшелері соғыс пен өнегелік құндылықтарға қатысты Киелі кітапта жазылғандарға сай жүріп-тұра ма? Дүниеде адам көңілін қалдырмайтын шынайы дін бар ма? Келесі мақалалардан осы сұрақтардың жауабын таба аласыз.

“Әрбір ағаш жемісінен танылады” (Лұқа 6:44)