Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Суреттері тамаша екен!”

“Суреттері тамаша екен!”

“Күзет мұнарасының” жаңа санын парақтаған кезде, өзіңе не басқаларға осылай деген кездерің болған шығар. Ерен еңбекпен дайындалған бұл әдемі суреттер мен фотосуреттер белгілі бір мақсатпен салынған. Бұл көрнекі оқу құралдары бізді ойландырады және сезімдерімізге әсер етеді. Оған қоса, суреттер әсіресе “Күзет мұнарасын” зерттеуге дайындалғанда және түсініктеме бергенде тиімді.

Мысалы, әр зерттеуге арналған мақаланың басындағы бірінші суреттің неліктен сол мақала үшін таңдалғанына ой жүгіртіп көрші. Онда не суреттелген? Мақаланың тақырыбына не негізгі жазба орнына қандай қатысы бар? Сосын, әрбір суретті талқыланып жатқан тақырыппен және өз өміріңмен қалай байланыстыруға болатынын ойлан.

“Күзет мұнарасын” зерттеу кездесуін жүргізетін бауырлас қауымдағыларға әр суретке қатысты түсініктеме беруге, яғни оның талқыланып жатқан оймен қандай байланысы бар екені жайлы не жеке өздеріне қалай әсер еткені жайлы айтуға мүмкіндік бере алады. Кей кездері суреттерде белгілі бір абзацқа сілтейтін жазу болады. Олай болмаған жағдайда, жүргізуші бауырлас әр суретті қай абзацты талқылағанда қарастырған тиімді болатынын өзі ұйғарады. Осылайша барлығы да Құдай Сөзіндегі тәлім болатын жайттарды көз алдымызға елестете алуымыз үшін дайындалған суреттердің толық пайдасын көретін болады.

Бір бауырласымыз айтқандай, “суреттер керемет жазылған мақаланы одан сайын тартымды да қызықты ете түседі”.