Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Басқарушы кеңестің жаңа мүшесі

Басқарушы кеңестің жаңа мүшесі

Сәрсенбі күні таңертең, 2012 жылдың 5 қыркүйегінде, Құрама Штаттар мен Канаданың Бетел отбасыларына Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесіне тағы бір мүше тағайындалғаны хабарланды. Марк Сандерсон бауырлас бұл қызметін 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастады.

Марк бауырлас Калифорния штатының Сан-Диего қаласында, Куәгер отбасында өсті. Ол 1975 жылдың 9 ақпанында шомылдыру рәсімінен өтті. Ал 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ол Канаданың Саскачеван қаласында ізашар ретінде қызмет ете бастады. 1990 жылдың желтоқсанында ол Құрама Штаттарда Қызметті жетілдіру мектебінің (қазір Салтбасты ер бауырластарға арналған Киелі кітап мектебі деп аталады) жетінші сыныбын бітірді. 1991 жылдың сәуірінде Марк бауырлас Канаданың Ньюфаундленд аралына арнайы ізашар болып тағайындалды. Аудандық бақылаушының орынбасары болып біраз қызмет еткен соң, ол 1997 жылдың ақпанында Канаданың Бетеліне шақырылды. 2000 жылдың қарашасында ол Құрама Штаттардың филиалына тағайындалды. Сол жерде ол медициналық мәлімет бөлімінде, ал кейін қызмет бөлімінде қызмет етті.

2008 жылдың қыркүйегінде Марк бауырлас Филиал комитетінің мүшелеріне арналған мектепте оқып, Филиппиннің филиал комитетіне тағайындалды. 2010 жылдың қыркүйегінде ол Құрама Штаттарға қайта шақырылып, Басқарушы кеңестің Қызмет комитетінің көмекшісі ретінде қызмет етті.