Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Қайтыс болған адамдар қайтадан өмір сүре ме?

Өлімді ұйқыға теңеуге болады, өйткені қайтыс болған адамдар еш нәрсені сезе де, істей де алмайды. Алайда өмірге бастау берген Жаратушымыз оларды қайта тірілте алады. Бұны Иса пайғамбардың Құдайдың күшімен бірнеше адамды қайта тірілткенінен көруге болады (Уағыздаушы 9:5; Жохан 11:11, 43, 44 оқыңыз).

Неге өлімді ұйқыға теңеуге болады?

Қайтыс болған адамдарды Құдай жадында сақтап, әділдік орнаған жаңа дүниеде қайта тірілтетінін уәде етеді. Жаратушы ғана оларға қайтадан өмір сыйлай алады, әрі мұны өзі белгілеген уақытта жүзеге асырады. Құдіреті шексіз Құдай күшін қолданып, қайтыс болғандарды тірілтуді аңсайды (Ишая 26:19 оқыңыз).

Қайта тірілу қалай жүзеге асады?

Құдай адамдарды тірілткенде, олар өздерінің кім екенін білетін және достары мен туысқандарын танитын болады. Адамның тәні шіріп кеткенмен, Құдай оны бұрынғы болмысымен тірілтіп, оған жаңа дене береді (Қорынттықтарға 1-хат 15:35, 38 оқыңыз).

Біршама адам көкте өмір сүруге қайта тірілетін болады (Аян 20:6). Алайда көбісі жұмақ орнаған жер бетіне қайта тіріледі. Бұл оларға жаңадан өмір бастап, мәңгі өмір сүруге мүмкіндік береді (Забур 36:29; Матай 5:5; Елшілердің істері 24:15 оқыңыз).