Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Дүние шын мәнінде кімнің билігінде?

Егер дүниені Құдай билегенде, осыншама көп қайғы-қасірет болар ма еді?

Көп адамдар дүниені Құдай билеп отыр деп ойлайды. Егер бұл рас болса, онда неге жер беті зұлымдыққа толы? (Заңды қайталау 32:4, 5). Киелі кітапта бүкіл дүние зұлым тұлғаның билігінде екені айтылған (Жоханның 1-хаты 5:19 оқыңыз).

Бұл зұлым тұлға қалайша адамзаттың билеушісіне айналды? Адамзат тарихының басында бір періште Құдайға қарсы бүлік шығарды және алғашқы адамзат жұбын да солай етуге итермеледі (Жаратылыс 3:1—6). Бұл алғашқы жұп осы бүлікші періштеге, Шайтанға, мойынсұнуды шешіп, оны өздерінің билеушісі етті. Алайда Құдіреті шексіз Құдай ғана заңды Билеуші болып табылады. Бірақ Құдай өзінің билігін таңдауға адамдарды сүйіспеншілік талпындырса екен дейді (Заңды қайталау 6:6; 30:16, 19). Өкінішке қарай, көп адамдар алғашқы жұп сияқты бұрыс шешім қабылдап, адасуда (Аян 12:9 оқыңыз).

Адамзаттың қиындықтарын кім шешеді?

Шайтанның әрі қарай да билік ете беруіне Құдай жол бере ме? Жоқ. Ол Исаны қолданып, Шайтанның жасаған зұлым істерін талқандайды (Жоханның 1-хаты 3:8 оқыңыз).

Құдай берген биліктің арқасында Иса Шайтанды жояды (Римдіктерге 16:20). Сосын Құдай билікті өз қолына алып, о баста ниет еткендей, адамзатқа бақыт пен тыныштық орнаған өмір сыйлайды (Аян 21:3—5 оқыңыз).