Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сіз білгенсіз бе?

Сіз білгенсіз бе?

Ежелдегі кеме соғушылар кемелерін су өткізбейтіндей етіп қалай жасаған?

Лайонел Кассон есімді ежелгі кемелерді зерттеуші маманның түсіндіруінше, ежелде кеме жасаған римдіктер кеменің тақтайларын біріктіргеннен кейін, олардың арасын бітеп шыққан. Олар әдетте қосылған тақтайлардың арасын не тіпті бүкіл кеменің сыртын шайырмен не қарамай аралас балауызбен майлаған және ішін де бір рет қарамаймен сылап шыққан. Алайда римдіктерге дейін ежелгі аккадтықтар мен бабылдықтар да кемені су өткізбейтіндей етіп жасау үшін оны шайырмен майлайтын болған.

Ежелгі мысырдағы балықшылардың ағашқа салынған бедерлі суреті

Жаратылыс 6:14-те жазылған сөздерден Киелі кітап заманында да осындай тәсіл қолданылғаны көрінеді. Осы тармақтағы “шайыр” деп аударылған еврей сөзі мұнайдан жасалатын қарамайға нұсқайды.

Табиғи қарамайдың сұйық және қатты түрі болады. Ежелдегі кеме соғушылар қарамайдың сұйық түрін алып, кемелерін сылау үшін қолданған. Нәтижесінде, қарамай кеуіп, су өткізбейтіндей қатты қабатқа айналатын.

Киелі кітапта аты аталған жерлер қарамайға бай болатын. Өлі теңіздің аумағында Сіддим жазығы “қарамай шығатын шұңқырларға толы болған” (Жаратылыс 14:10).

Ежелде балықты сақтау үшін қандай әдіс қолданылған?

Балық ұзақ уақыттан бері тағамның маңызды бөлігі болып келеді. Исаның соңынан ерген елшілердің кейбірі Ғалилея теңізінде балық аулаумен айналысқан (Матай 4:18—22). Сол жерде ауланған балықтардың қандай да бір бөлігі жақын маңдағы арнайы орындарда өңделген болса керек.

Киелі кітапта аты аталған жерлер осындай қарамайға бай болатын

Ежелгі Ғалилеяда қолданылған балық сақтау әдісі кейбір жерлерде әлі күнге дейін қолданылып келеді. Бұл әдіс бойынша, балықты алдымен ішек-қарнынан тазартады, сосын сумен жуады. “Ежелгі технологияларды зерттеу” кітабында бұл әдіс былай түсіндіріледі: “Балықтың желбезегін, аузы мен қабыршағын ірі тұзбен тұздайды. Одан кейін тұздалған балықтарды үсті-үстіне қойып, бетін құрғақ жапқышпен жауып қояды. Осы күйінде балық 3—5 күн тұрғаннан кейін, оларды келесі бетіне аударып, тағы да сонша күнге қойып қояды. Сол кезде балық кеуіп, тұзы бойына сіңеді. Балықтар кептірілгеннен кейін қатты болып қалады”.

Осындай әдістің көмегімен кептірілген балықтың қанша уақыт сақталатыны белгісіз. Алайда бұл әдістің тиімді болғанын ежелгі мысырлықтардың кептірілген балықтарды Сирияға экспорттағанынан көруге болады.