Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Неге Құдай Патшалығының келуін сұрау керек?

Құдай Патшалығы мен оның жасайтын игіліктері жайлы көбірек білгіңіз келе ме?

Құдай Патшалығы — көктегі үкімет. Иса ізбасарларына Патшалықтың келуін сұрап, дұға етуге үйреткен. Өйткені ол жер бетіне әділдік пен тыныштық орнатады. Ешбір адами үкімет жер бетінен зұлымдықты, әділетсіздікті не індетті түптамырымен жоя алмайды. Мұны тек Құдай Патшалығы ғана істей алады, әрі істейді де. Ехоба Құдай өзінің Ұлы Исаны көктегі осы үкіметтің Патшасы етіп тағайындады. Сондай-ақ Исамен бірге билік ету үшін, Құдай оның бір топ ізбасарын таңдады (Лұқа 11:2; 22:28—30 оқыңыз).

Жақында Құдай Патшалығы Құдайдың билігіне қарсы шыққандардың барлығын құртады. Сондықтан Құдай Патшалығының келуі жайлы дұға еткенде, біз адами үкіметтердің орнына Құдай үкіметінің келуін сұраймыз (Даниял 7:13, 14; Аян 11:15, 18 оқыңыз).

Құдай Патшалығы неліктен ең жақсы үкімет?

Иса — дүниедегі ең керемет Патша, өйткені оның адамдарға жаны ашиды. Сондай-ақ Иса Ехоба Құдайдың Ұлы болғандықтан, Құдайдан көмек сұрап жалынған адамдар үшін игілік жасауға құдіреті жетеді (Забур 71:8, 12—14 оқыңыз).

Құдай Патшалығының келгенін шын ниетпен қалап, дұға еткендерге және Құдайдың еркіне сай өмір сүретіндерге бұл үкімет мол бата әкеледі. Киелі кітаптан Құдай Патшалығы жайлы біле түсіңіз, сонда бұған еш өкінбейтін боласыз (Лұқа 18:16, 17; Жохан 4:23 оқыңыз).