Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАП ЖАЙЛЫ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

Баршаға арналған Киелі кітап курсы

Баршаға арналған Киелі кітап курсы

Бүгінде Ехоба куәгерлері уағыз айтуларымен танымал. Сіз олардың әртүрлі елде Киелі кітап сабақтарын өткізетінін білгенсіз бе?

2014 жылы 240 елде тұратын 8 000 000-нан астам Ехоба куәгері әр айда орта есеппен 9 500 000 Киелі кітап сабағын жүргізген *. Киелі кітаптан білім алып жатқан адамдардың саны тіпті кейбір елдердің халық санынан да асып кетеді! Мұндай елдердің саны — 140-қа жуық.

Осы діни ағарту ісін жүргізу үшін Ехоба куәгерлері 700-дей тілде Киелі кітап, журнал, кітап және зерттеуге арналған басқа да құралдардың шамамен 1,5 миллиард данасын жыл сайын басып шығарады! Осыншама көп күш салғанның арқасында адамдар Киелі кітапты өздері қалаған тілде оқып зерттей алады.

КИЕЛІ КІТАП САБАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Сабақ қалай өтеді?

Сабақ кезінде Киелі кітаппен байланысы бар түрлі тақырыптар қозғалып, сол тақырыпқа қатысы бар Киелі кітап тармақтары қарастырылады. Мысалы, сабақ барысында келесідей сұрақтардың жауабын біле аласыз: Құдай деген кім? Ол қандай? Оның есімі бар ма? Ол қайда? Біз оған жақын бола аламыз ба? Бәлкім, сізге осы сұрақтардың жауабын Киелі кітаптан өз бетіңізше табу қиын шығар.

Адамдарға сұрақтарының жауабын табуға көмектесу үшін біз әдетте 224-беттік “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымын қолданамыз *. Бұл кітап адамдарға Киелі кітаптың негізгі ілімдері мен тәлімдерін оңай түсіне алатындай етіп жазылған. Онда Құдай Тағала, Иса пайғамбар, адамдардың қайғы-қасірет шегуі, өлгендердің қайта тірілуі, дұға жайлы және басқа да тақырыптар қамтылған.

Қашан және қайда өтеді?

Сабақ сізге ыңғайлы жерде және ыңғайлы уақытта өтеді.

Әр сабақ қанша уақытқа созылады?

Көп адам аптасына бір сағат не одан көп уақыт бөледі. Бірақ сабақтың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін. Біз сіздің жағдайыңызға қарай бейімделе аламыз. Мысалы, кейбіреулер тек 10—15 минут қана бөледі.

Сабақтар ақылы ма?

Сабақтар да, зерттеуге арналған құралдар да тегін. Өйткені Иса пайғамбар: “Тегін алдыңдар,— тегін беріңдер”,— деп өсиет еткен (Матай 10:8).

Толық курс қанша уақыт өтеді?

Ол өзіңізге байланысты. “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” деген зерттеу құралы жалпы 19 сабақтан тұрады. Сабақтардың кейбірін не барлығын өзіңізге ыңғайлы қарқынмен өте аласыз.

Ехоба куәгерлерінің қатарына қосылу шарт па?

Жоқ. Әр адам не нәрсеге сенетінін өзі шешеді. Ал біз оның осы шешімін құрметтейміз. Киелі кітапты зерттеген адам біліміне сүйеніп таңдау жасай алады.

Көбірек ақпаратты қайдан алуға болады?

Біздің ұйымның jw.org сайтында Ехоба куәгерлерінің нанымдары мен іс-шаралары жайлы сенімді мәлімет табуға болады.

Киелі кітап сабағын өтуге қалай өтініш білдіруге болады?

^ 4-абзац Киелі кітап сабақтары әр адаммен жеке не кішігірім топпен өткізіледі.

^ 9-абзац Ехоба куәгерлері басып шығарған. Бұл кітап 230 миллионнан астам данамен 260-тан аса тілде жарық көрді.