Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Есіңде ме?

Есіңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандарын мұқият оқып шықтың ба? Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:

Мәсіхшілер Иса Мәсіхке дұға етуі керек пе?

Жоқ. Иса Ехобаға дұға етуіміз керектігін айтқан, әрі өзі де көктегі Әкесіне дұға етуімен үлгі қалдырған (Мат. 6:6—9; Жох. 11:41; 16:23). Сондықтан да ертедегі мәсіхшілер Исаға емес, Құдайға дұға еткен (Ел. іс. 4:24, 30; Қол. 1:3). (1.1. 14-бет).

Жыл сайынғы Еске алу кешіне қалай дайындалуға болады?

Мұның келесідей жолдары бар: Киелі кітаптағы осы оқиғаға қатысты үзінділерді кесте бойынша оқу, Еске алу кеші маусымында көбірек уағызға шығу, үмітіміз жайлы дұға ете отырып ой жүгірту (15.1. 14—16 беттер).

Жүсіп екі мысырлықтың түсін қалай жорыды және оның сөздері жүзеге асты ма?

Жүсіптің сөзі бойынша, перғауынның бас шарапшысы бұрынғы қызметіне оралып, ал бас наубайшысы өлтіріліп, бағанаға ілінбек еді. Оның айтқандарының бәрі жүзеге асты (Мұс. 1-ж. 40:1—22). (1.2. 12—14 беттер).

Жапониядағы бауырластар қандай тосын сый алды?

Олар “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” Матай кітабын жеке кітапша ретінде алды. Қызметте ұсынылып жатқан бұл кітапшаны Киелі кітаппен таныс емес көптеген адам жылы қабылдауда (15.2. 3-бет).

Бірінші ғасырда ізгі хабардың таралуына қандай жағдайлар септігін тигізді?

Рим империясында тыныштық (Pax Romanа) орнағанының арқасында, соғыстар аз болды. Ыңғайлы жолдар ертедегі шәкірттерге емін-еркін сапар шегуге мүмкіндік берді. Грек тілінің кең қолданыста болғаны бүкіл империяға шашырап кеткен яһудилерге ізгі хабардың уағыздалуына жағдай жасады. Сондай-ақ шәкірттер Рим заңына жүгініп, ізгі хабарды қорғап сөйлей алды (15.2. 20—23 беттер).

Неге шынайы мәсіхшілер Пасха мейрамын тойламайды?

Иса ізбасарларына өзінің қайта тірілуін емес, өлімін еске алуды өсиет еткен (Лұқа 22:19, 20). (1.3. 8-бет).

Неге соңғы жылдары әдебиеттерімізде Киелі кітаптағы бейнелер мен түпбейнелер сирек талқыланады?

Киелі кітапта кейбір адамдардың болашақтағы анағұрлым маңызды жайттың түпбейнесі болғаны айтылған. Сондай мысалдардың бірі Ғалаттықтарға 4:21—31 тармақтарда жазылған. Бірақ Киелі кітапқа негізделген себеп болмаса, түпбейне мен бейне іздемеген дұрыс. Десе де біз Киелі кітап кейіпкерлері мен онда жазылған оқиғалардан тәлім алсақ болады (Рим. 15:4). (15.3. 17, 18-беттер).

Мысырда қоқыстан табылған папирус қолжазбасының фрагменті неге ерекше назар аударуға тұрарлық?

Өткен ғасырда табылған сол фрагментте Жохан жазған Ізгі хабардың үзіндісі жазылған екен. Ол Жохан өз кітабын жазып болған соң, небәрі бірнеше онжылдықтан кейін жазылса керек. Ондағы мәтін Киелі кітаптың біздің күнімізге дейін еш өзгеріссіз жеткенін, әрі оған толықтай сенім артуға болатынын дәлелдейді (1.4. 10, 11-беттер).

Неге қауымнан шығаруды сүйіспеншіліктің белгісі деуге болады?

Киелі кітапта күнәсіна өкінбеген адамды қауымнан шығару керектігі айтылған (Қор. 1-х. 5:11—13). Бұның келесідей игілігі бар: Құдайдың есімі мадақталады, қауымның тазалығы сақталады, күнә жасаған адам есін жиюы мүмкін (15.4. 29, 30-беттер).