Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сенімде нық тұрыңдар

Сенімде нық тұрыңдар

“Сенімде нық тұрыңдар... берік болыңдар” (ҚОР. 1-Х. 16:13).

ӘНДЕР: 23, 34

1. а) Ғалилея теңізіндегі дауыл кезінде Петір не істеді? (Осы беттегі суретті қара.) ә) Неге Петір суға бата бастады?

ТҮН. Дауылмен арпалысып жатқан елші Петір мен басқа да шәкірттер Ғалилея теңізінің арғы бетіне өту үшін, барын салып ескектерін есуде. Кенет олар Исаның су бетімен келе жатқанын көреді. Петір одан су бетімен қасына баруға рұқсат етуін сұрап айғайлайды. Иса рұқсат еткенде, ол толқып жатқан су бетімен Иесіне қарай беттейді. Бірақ көп ұзамай суға бата бастайды. Неге? Өйткені ол долданған дауылға қарайды да, қорқып кетеді. Петірдің көмек сұраған жан даусын естігенде, Иса лезде қол ұшын береді де: “Сенімі аз-ау, неге күмәндандың?”— дейді (Мат. 14:24—32).

2. Біз нені қарастырамыз?

2 Петірмен болған жағдайды үш қырынан қарастырып көрейік. Бұл үшеуінің де сеніммен байланысы бар: 1) бастапқыда ол Құдайдың қолдайтынына сенді, 2) сосын сенімі әлсірей бастады, 3) ал кейінірек сенімі қайта нығайды. Осыларды қарастырғанымыз “сенімде нық тұруымызға” көмектеседі (Қор. 1-х. 16:13).

ҚҰДАЙДЫҢ ҚОЛДАЙТЫНЫНА ДЕГЕН СЕНІМ

3. Неге Петір қайықтан түсті және қалай біз осыған ұқсас әрекет еттік?

3 Иса шақырғанда, Петір нық сеніммен қайықтан түсіп, су бетімен жүрді. Ол Исаны қолдаған Құдайдың оны да қолдайтынына сенім артты. Сол сияқты, Иса бізді шәкірті болуға шақырғанда, біз де нық сеніммен Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өттік. Себебі Иса мен Құдайға сендік, кез келген жағдайда олардың бізді қолдайтынына сенім арттық (Жох. 14:1; Петірдің 1-хаты 2:21 оқы).

4, 5. Неге сенім бағалы қасиет?

4 Сенім — бағалы қасиет. Петір сенімінің арқасында су бетімен жүрді. Біз де сеніміміздің арқасында адами тұрғыдан мүмкін емес болып көрінетін істер жасаймыз (Мат. 21:21, 22). Мысалы, көпшілігіміздің көзқарасымыз бен жүріс-тұрысымыздың өзгергені сонша — бұрынғы таныстарымыз бізді танымай қалып жатады. Біздің өзгеруімізге Ехоба көмектесті, өйткені біз оған сендік (Қолостықтарға 3:5—10 оқы). Сенім бізді Ехобаға бағышталуға талпындырды. Осылай біз оның досы болдық, бұл ешқашан өзіміздің қолымыздан келмес еді (Ефес. 2:8).

5 Сенім әрқашан берік тұруымызға көмектеседі. Мысалы, сенімнің арқасында құдіретті жауымыз Ібілістің шабуылдарына қарсы тұра аламыз (Ефес. 6:16). Ехобаға арқа сүйегеніміздің арқасында қиын шақтарда сарыуайымға салынбаймыз. Өзіне сенім артып, Патшалықтың мүддесін бірінші орынға қойсақ, ол қажеттіліктерімізбен қамтамасыз етуді уәде еткен (Мат. 6:30—34). Бұған қоса, сеніміміздің арқасында ешкім өз күшімен қол жеткізе алмайтын сыйға — мәңгілік өмірге ие боламыз (Жох. 3:16).

АЛАҢДАУ СЕНІМНЕН АЙЫРАДЫ

6, 7. а) Петірмен болған жағдайдағы дауыл мен толқындарды не нәрсеге теңеуге болады? ә) Сеніміміз әлсіреп кетуі мүмкін екеніне неге жеңіл-желпі қарамаған жөн?

6 Петір су бетімен келе жатқандағы жел мен толқындарды мәсіхшінің өміріндегі қиындықтар мен сынақтарға теңеуге болады. Қаншалықты ауыр болмасын, оларға Ехобаның қолдауымен төтеп бере аламыз. Есіңде болса, Петір дауыл мен долы толқынның кесірінен суға бата бастаған жоқ. Жазбаларда: “Дауылды көргенде, Петір қорқып кетті”,— делінген (Мат. 14:30). Оның назары Исадан басқа жаққа ауғанда, сенімі шайқалды. Біздің жағдайымызда да сондай: назарымыз “дауылдың” күштілігіне ауып, Ехобаның қолдайтынына күмәндана бастасақ, суға батамыз.

7 Біз сеніміміз әлсіреп кетуі мүмкін екеніне жеңіл-желпі қарамауымыз керек. Өйткені Киелі кітапта сенімнің әлсіреуі не одан айырылу “тез шырмап алатын күнә” екені айтылған (Евр. 12:1). Петірмен болған жағдайдан көргеніміздей, назарымыз бұрыс нәрселерге ауса, сеніміміз лезде әлсіреуі мүмкін. Ендеше сеніміміз әлсіреп жатыр ма, жоқ па қалай анықтауға болады? Өзімізді тексеруге көмектесетін бірнеше сұрақты қарастырып көрейік.

8. Неге Құдайдың уәделері біз үшін бұрынғыдай шынайы болмай қалуы мүмкін?

8 Құдайдың уәделері біз үшін бұрынғыдай шынайы ма? Мысалы, Құдай қазіргі дүниені жоюды уәде еткен. Осыны біле тұра, мына дүниедегі сан қилы ойын-сауық түрлеріне алаңдап, Құдайдың уәделеріне деген сеніміміз әлсіреп жатқан жоқ па? Осының кесірінен біз дүниенің соңы жуық арада келетініне күмәндана бастауымыз мүмкін (Абқ. 2:3). Тағы бір мысалды қарастырайық. Құдай төлем құрбандығына негізделіп күнәларымызды кешіруді уәде еткен. Сөйтсе де бұрынғы қателіктеріміз үшін өзімізді кінәлай берсек, Ехобаның күнәларымызды шынымен кешіргеніне күмәндана бастауымыз мүмкін (Ел. іс. 3:19). Ақырында, қызметімізден қуаныш таппай, уағыздауды да доғаруымыз ықтимал.

9. Өз мүддемізге баса назар аударсақ, бұл неге әкелуі мүмкін?

9 Құдайға бұрынғыдай барымды салып қызмет етемін бе? Елші Пауыл Ехобаға аянбай қызмет етсек, “соңына дейін үмітімізге нық сенімді болатынымызды” айтқан. Ал бар күшімізді өз мүддемізді алға тартуға салсақ не болады? Мысалы, айлығы жақсы, бірақ қызметімізге кедергі жасайтын жұмысқа тұрдық делік. Мұндай жағдайда сеніміміз әлсіреп, жалқаулана бастауымыз ықтимал. Осылай, жағдайымыз келсе де, Ехобаға бұрынғыдай барымызды салып қызмет етпеуіміз мүмкін (Евр. 6:10—12).

10. Өзгелерді кешіргенде қалай Ехобаға сенетінімізді көрсетеміз?

10 Маған ренжіткен адамды кешіру қиын ба? Бізді біреу ренжіткенде не көңілімізді қалдырғанда, сезіміміздің жараланғанын ғана ойласақ, қатты-қатты айтып тастауымыз не онымен мүлдем сөйлеспей қоюымыз мүмкін. Ал оны кешірсек, Ехобаға сенетінімізді көрсетеміз. Қалайша? Бізге қарсы күнә жасаған адам бізге қарыз болады. Құдайдың алдында күнә жасайтындықтан біз де оған қарызбыз (Лұқа 11:4). Сондықтан өзгелерді кешірсек, Ехобаға сенім артатынымызды көрсетеміз. Біз үшін оның ықыласына ие болу өзгелерден қарызын төлетуді талап етуден әлдеқайда артық. Исаның шәкірттері басқаларды кешіру үшін сенім қажет екенін түсінген. Иса тіпті қайта-қайта күнә жасай беретін адамды да кешіру керек екенін айтқанда, олар: “Сенімімізді нығайта көріңіз”,— деген (Лұқа 17:1—5).

11. Жазбаларға негізделген кеңесті қалай қабылдамаған дұрыс?

11 Маған кеңес берілсе, ренжимін бе? Жазбаларға негізделген кеңесті қалай қолдануға болатынын ойлаудың орнына, кеңес берген адамның не кеңестің өзінен мін іздеуіміз мүмкін (Нақ. с. 19:20). Осылай Ехоба сияқты ойлауды үйренудің мүмкіндігін жіберіп алуымыз ықтимал.

12. Адамның жауапкершілік жүктелген бауырластарға шағымдана беретіні нені байқатады?

12 Қауымда жауапкершілік жүктелген бауырластарға қарсы күңкілдеймін бе? Сенімі жоқ он барлаушының жағымсыз сөздеріне көбірек көңіл аударған исраилдіктер Мұса мен Харонға қарсы күңкілдей бастаған. Сонда Ехоба Мұсаға: “Мына халық... қашанғы маған сенбей жүре бермек?”— деді (Мұс. 4-ж. 14:2—4, 11). Иә, исраилдіктер Мұса мен Харонға қарсы күңкілдеулерімен Ехобаға сенім артпайтындарын көрсетті. Себебі оларды Ехобаның өзі тағайындаған еді. Сол сияқты, Құдай өз халқына жетекшілік етуге тағайындаған бауырластарға шағым жасай берсек, бұдан Құдайға деген сеніміміздің әлсірегені көрінеді емес пе?

13. Сеніміміздің әлсіз тұстарын байқасақ неге салымыз суға кетпеу керек?

13 Өзіңді тексергеннен кейін, сеніміңнің әлсіз тұстарын байқасаң, салың суға кетпесін. Тіпті елші болған Петір де қорқыныш пен күмәнға бой алдырған. Сондай-ақ Исаның: “Сенімі аздар-ау”,— деп, елшілерінің бәрін түзеткен кездері болған (Мат. 16:8). Әйтсе де сенімі шайқалып, суға бата бастағаннан кейін Петірдің не істегенінен маңызды тәлім алуға болады.

СЕНІМІҢДІ НЫҒАЙТУ ҮШІН ИСАҒА НАЗАР ТІК

14, 15. а) Петір суға бата бастағанда не істеді? ә) Исаға “бар назарымызды тігу” үшін не істеуіміз керек?

14 Петірдің назары дауылға ауып, суға бата бастағанда, қайыққа қарай жүзіп баруына болар еді. Себебі ол жақсы жүзе алатын (Жох. 21:7). Бірақ ол бұлай етпеді. Өйткені өзіне сенген жоқ, керісінше, бар назарын қайтадан Исаға аударып, соның көмегіне жүгінді. Егер біз сеніміміздің әлсірей бастағанын байқасақ, Петірдің үлгісіне еліктегеніміз дұрыс. Мұны қалай істеуге болады?

15 Петір сияқты біз де “сеніміміздің Бас жетекшісі әрі Жетілдірушісі Исаға бар назарымызды тігуге” тиіспіз (Еврейлерге 12:2, 3 оқы). Біз Исаны Петір іспетті өз көзімізбен көре алмаймыз, әрине. Сондықтан Исаға “бар назарымызды тігу” үшін, тәлімдері мен әрекеттерін зерттеп, оған барынша еліктеуіміз керек. Сонда сеніміміз нығаяды. Оған қалай еліктеуге болатынының бірнеше жолын қарастырып көрейік.

Исаның үлгісіне назар тігіп, оның ізімен тура жүрсек, сенімімізді нығайта аламыз (15-абзацты қара)

16. Киелі кітапқа деген сенімділігімізді арттыру үшін, оны қалай зерттеген дұрыс?

16 Киелі кітапқа деген сенімділігіңді арттыр. Иса Киелі кітаптың Құдай Сөзі әрі онда керемет басшылық бар екеніне сенімді болған (Жох. 17:17). Бізде де осындай сенімділік болу үшін Киелі кітапты күнделікті оқуға, зерттеуге, сондай-ақ білгендеріміз туралы ой жүгіртуге тиіспіз. Жауабын тапқың келетін сұрақтарға тереңірек үңілген де дұрыс. Мысалы, осы дүниенің соңы шынымен жақын екеніне деген сенімімізді нығайту үшін, соңғы күндері өмір сүріп жатқанымызды дәлелдейтін пайғамбарлықтарды қарастыр. Орындалып қойған пайғамбарлықтарды зерттеу арқылы болашаққа қатысты уәделердің де жүзеге асатынына деген сеніміңді нығайт. Ал Киелі кітаптағы кеңестердің бауырластардың өмірін өзгертуге көмектескенін қарастырсаң, оның қаншалықты пайдалы екеніне көзің жете түседі * (Сал. 1-х. 2:13).

17. Неліктен Иса өте ауыр сынақтарда да адалдығынан таймаған және оған қалай еліктеуіңе болады?

17 Ехобаның уәде еткен баталарын назарыңда ұста. Иса “өзін күтіп тұрған қуанышқа” көз тіккендіктен, өте ауыр сынақтарда да адалдығынан таймаған (Евр. 12:2). Ол осы дүниедегі еш нәрсеге алаңдамаған (Мат. 4:8—10). Ехобаның саған берген уәделері жайлы ой жүгірту арқылы Исаға елікте. Жаңа дүниеде немен айналысқың келетінін сөзбен не бояумен қағаз бетіне түсіріп көрсең болады. Қайта тірілген адамдардың қайсысымен және не туралы әңгімелескің келер еді, солардың тізімін жаса. Бұл уәделер жалпы адамзатқа емес, жеке саған берілген деп қабылда.

18. Сенімімізді нығайтуға дұға қалай көмектеседі?

18 Сеніміңді нығайтуды сұрап, дұға ет. Иса шәкірттеріне Ехобадан киелі рух сұрауды үйреткен (Лұқа 11:9, 13). Сенім киелі рух жемісінің құрамына кіреді. Сондықтан Құдайға дұға еткенде, киелі рухпен қатар сеніміңді нығайтуды да сұра. Сондай-ақ дұға еткенде, тілектеріңді нақты айт. Мысалы, саған өзгелерді кешіру қиынға соқса, бұл сеніміңнің әлсіз екенін байқатады. Демек, Ехобадан сеніміңді нығайтуын әрі кешірімді болуға көмектесуін сұра.

19. Достарды қалай таңдауымыз керек?

19 Сенімі берік бауырластармен аралас. Иса достарды мұқият таңдаған. Ең жақын достары елшілер оған адал болған әрі оның өсиеттеріне мойынсұнған (Жохан 15:14, 15 оқы). Сондықтан досты Исаның өсиеттеріне мойынсұнатын, сенімі берік бауырластардан таңда. Нағыз достар кеңес беру не оған құлақ асу керек болғанда да, бір-бірінен шындықты жасырмайды (Нақ. с. 27:9).

20. Өзгелердің сенімін нығайтуға көмектессек, бұның қандай пайдасын көреміз?

20 Өзгелердің сенімін нығайт. Иса сөзімен де, ісімен де шәкірттерінің сенімін нығайтатын (Мар. 11:20—24). Біз оның үлгісіне еліктеуге тиіспіз. Осылай өзгелердің ғана емес, өзіміздің де сенімімізді нығайтамыз (Нақ. с. 11:25). Сондықтан уағыз айтқанда және тәлім бергенде, мына жайттарға баса назар аудар: Құдай шынымен бар, ол қамымызды ойлайды, Киелі кітап рухтың жетелеуімен жазылған. Сондай-ақ бауырластардың да сенімдерін нығайт. Қандай да бір бауырластың сенімінің әлсірегенін байқасаң — мысалы ол тағайындалған бауырластарға наразылық білдіретін шығар — одан қашқақтауға асықпа. Керісінше, күмәнін сейілтіп, қайтадан берік сенімге ие болу үшін қажетті қадамдар жасауына ілтипатпен көмектес (Яһд. 22, 23). Ал егер сен мектепте оқитын болсаң, сабақта эволюция теориясы талқыланғанда, жерді Құдайдың жаратқанына сенетініңді айтуға қорықпа. Айтқандарың мұғалімің мен сыныптастарыңа өзің күтпегендей әсер етуі мүмкін.

21. Ехоба бәрімізге қандай уәде береді?

21 Құдай мен Исаның көмегінің арқасында Петір қорқыныш пен күмәннан арылды. Уақыт өте келе Петір бауырластарға зор сенімімен үлгі көрсетті. Ехоба бәрімізге де сенімде нық тұруға көмектесуде (Петірдің 1-хаты 5:9, 10 оқы). Рас, сенімімізді нығайту үшін күш салу қажет, бірақ Ехоба мұның қарымтасын қайтарады.

^ 16-абзац “Күзет мұнарасының” көпшілікке арналған санындағы “Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” атты айдарды қара.