Жасөспірім балаңды Ехобаға қызмет етуге баулы
“Иса өсіп, даналығы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта берді” (ЛҰҚА 2:52).
ӘНДЕР: 41, 11
1, 2. а) Жасөспірім балалары бар ата-аналар нені уайымдайды? ә) Балалар жасөспірім шақтың пайдасын қалай көре алады?
МӘСІХШІ ата-ана үшін перзентінің шомылдыру рәсімінен өткенін көруден артық бақыт жоқ шығар! Мысалы, Береника бауырластың төрт баласы да 14-ке аяқ басқан шақтарында шомылдыру рәсімінен өткен. Ол былай дейді: “Бұл біз үшін ерекше көңіл толқытарлық жайт болды. Біз балаларымыздың Ехобаға қызмет етуді шешкеніне сондай қуандық. Бірақ жасөспірім балаларымыздың көп қиындыққа кезігетінін де білдік”. Жасөспірім яки сол шаққа таяп қалған балаң болса, Берениканың сезімін жақсы түсінетін боларсың.
2 Бала психологиясын зерттеуші бір маман жеткіншек шақтың ата-аналар үшін де, жасөспірімдер үшін де оңай кезең еместігін мойындайды. Әйтсе де, оның айтуынша, ата-ана бұл кезеңді баланың “ақымақша” не “балаша” әрекет ететін кезеңі деп ойламағаны дұрыс. Қайта, бұл кезде баланың ой-қиялы ұшқыр, сезімдері өткір келеді. Сондай-ақ дос-жаранды қатты керек етеді. Сондықтан жасөспірім шағында балаң Ехобамен әлдеқайда жақын дос болып, қызметке қатысты мақсаттар қоя алады. Ол өмірін Құдайға бағыштап, соған сай өмір сүру сияқты маңызды шешімдер Лұқа 2:52 оқы). Ата-аналар, баланың өміріндегі осы бір шешуші кезеңде сендердің атқаратын рөлдерің қандай? Жасөспірім балаларыңды Ехобаға қызмет етуге қалай баули аласыңдар? Ал қазір шәкірттерін үйреткен кезде Исаның сүйіспеншілік, кішіпейілділік және көрегендік сияқты қасиеттерді қалай танытқанына назар аударайық.
қабылдай алады. Жеткіншектік кезең оның рухани өсуіне қолайлы кезең болуы әбден мүмкін. Мұны жасөспірім болған Исаның өмірінен көруге болады (БАЛАҢДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІҢДІ КӨРСЕТ
3. Неге Иса елшілерін достарым деп атаған?
3 Иса елшілері үшін тек Қожайын емес, дос та болған (Жохан 15:15 оқы). Киелі кітап заманында қожайын әдетте өзінің ой-сезімін құлдарына ашып айтпаған. Ал Иса елшілеріне құлдардай қарамаған. Оларды жақсы көріп, бірге уақыт өткізген. Сондай-ақ оларға ой-сезімдерін айтқан, ал елшілері жүректерін ақтарғанда, оларды мұқият тыңдаған (Мар. 6:30—32). Осының арқасында Иса мен шәкірттері арадан қыл өтпес достарға айналды. Сондай-ақ бұл шәкірттерді болашақтағы тапсырмаларға дайындады.
4. Ата-аналар балаларымен қалай дос бола алады? (Мақаланың басындағы суретті қара.)
4 “Ата-ана ретінде балаларымызбен тең бола алмасақ та, олардың досы бола аламыз”,— дейді екі баланың әкесі Майкл. Достар әдетте бірге уақыт өткізеді. Бәлкім, балаңа көбірек уақыт бөле алу үшін, жұмысқа не басқа да істерге кететін уақытты азайту керек болар. Әрине, бұл — дұға ете отырып, жақсылап ойланатын жайт. Достардың сондай-ақ айналысатын ортақ істері болады. Сол себептен жасөспірім балаң қандай әуенді, фильмді не спортты ұнататынын біліп ал. Сөйтіп, ол ұнатқанды сен де жақсы көруге тырыс. Италияда тұратын Илария былай дейді: “Ата-анам мен тыңдайтын әуенді тыңдауға тырысты. Әкем менің ең жақын досыма айналды, мен онымен емін-еркін сөйлесіп, тіпті ыңғайсыз тақырыптарды талқылай алатынмын”. Ехобаның досы болуға көмектесу үшін жасөспірім балаңмен дос болғаның ата-аналық беделіңді ешқандай да түсірмейді (Зәб. 25:14). Қайта, мұнымен оны жақсы көретініңді және құрметтейтініңді көрсетесің. Сонда балаң өзін мазалаған жайттарды саған келіп айтудан еш қысылмайды.
5. Иса шәкірттеріне қызметте шынайы қуанышқа кенелуге қалай көмектесті?
5 Иса жақын достарына айналған шәкірттерінің Ехобаға қызмет етіп, уағыз ісінен қол үзбесе, шынайы қуанышқа кенелетінін білді. Сондықтан оларды шәкірт дайындау ісінде құлшынысты болуға талпындырды және бұл істе оларға қолғабыс ететінін уәде етті (Мат. 28:19, 20).
6, 7. Неге балаларға рухани кесте жасап, оны ұстануды үйрету қажет?
6 Сен жасөспірім балаңның рухани күйі жақсы болғанын қалайтының анық. Ехоба балаңды тәрбиелеп, өзінің ақыл-кеңесін беріп өсіргеніңді қалайды (Ефес. 6:4). Сондықтан Құдай жүктеген осы міндетті қолданып, балаңа рухани кестені барынша үзбей ұстануды үйрет. Мысалы, сен білімнің маңызды екенін түсінгендіктен, балаңды мектепке жібересің және оның бойында білімге деген құштарлық ұялатуға тырысасың. Сол сияқты, Ехобаның “ақыл-кеңесін беріп өсіру” үшін де балаңа қауым кездесулері мен басқа да рухани бағдарламалардың пайдасын көруге көмектес. Өйткені Ехобаның білімі оның өмірін құтқарып қалады ғой! Сондықтан балаңның бойында рухани білімге деген құштарлық ұялатып, Құдайдың даналығын бағалауды үйрет (Нақ. с. 24:14). Сондай-ақ оны жүйелі түрде уағызға шығып тұруға баулы. Исаға еліктеп, балаңа Құдай Сөзін өзгелерге үйретудің қаншалықты қуаныш әкелетінін сезінуге көмектес.
7 Жасөспірімдерге рухани кестені ұстануды үйретудің қандай пайдасы бар? Оңтүстік Африкада тұратын Эрин былай дейді: “Бала кезімізде Киелі кітапты зерттегенде, қауым не уағыз кезінде біздің ыңқыл-сыңқылымыз көбейіп кететін. Кейде отбасылық ғибадатты болғызбау үшін әдейі бір нәрселер ойлап табатынбыз. Бірақ ата-анамыз еш берілмеді”. Эрин былай деп сөзін жалғастырды: “Сол тәрбие маған да еш берілмеуді үйренуге көмектесті. Қандай да бір себеппен рухани кестем бұзылса, оны мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге тырысамын. Кезінде ата-анам рухани кестені берік ұстануды үйретпегенде, бұлай етуім екіталай еді! Олар бұл мәселеде табанды болмағанда, мен қазір қауым кездесулері мен басқа да рухани істерді оп-оңай шетке ысырып тастар едім”.
КІШІПЕЙІЛ БОЛ
8. а) Иса өзінің кішіпейіл екенін қалай көрсетті? ә) Исаның кішіпейілділігі шәкірттеріне қалай әсер етті?
8 Иса кемелді болса да, өзінің мүмкіндігі шектеулі екенін әрі Ехобаға тәуелді екенін кішіпейілділікпен мойындаған (Жохан 5:19 оқы). Осындай кішіпейілділігі үшін шәкірттері Исаны азырақ құрметтеп қалды ма? Әрине, жоқ. Керісінше, Иса Әкесіне неғұрлым арқа сүйеген сайын, шәкірттері де оған соғұрлым сенім артты. Кейін өздері де Исаның кішіпейілділігіне еліктеді (Ел. іс. 3:12, 13, 16).
9. Кешірім сұрағаның және мүмкіндігіңнің шектеулі екенін мойындағаның балаларыңа қалай әсер етеді?
9 Исамен салыстырғанда біздің мүмкіндігіміз әлдеқайда шектеулі. Оның үстіне, біз ол сияқты кемелді емеспіз, көп қателік жасаймыз. Сондықтан осының бәрін кішіпейілділікпен мойындауымыз қажет (Жох. 1-х. 1:8). Саған кімді құрметтеу оңай болар еді: қателігін мойындайтын бастықты ма, әлде кешірім сұрай білмейтін бастықты ма? Жасөспірім балаң өз қателіктерің үшін кешірім сұрағаныңды көргенде, оның саған деген құрметі артпаса, кемімейді. Сонда ол да қателіктерін мойындауды үйренеді. Үш баланың анасы Розмари былай дейді: “Біз өз қателіктерімізді мойындайтынбыз. Бұл балаларымызды бізге келіп мәселелерін ашық айтуға талпындыратын. Біз мүмкіндігіміздің шектеулі екенін мойындап, оларға мәселенің ең дұрыс шешімін қайдан табуға болатынын үйрететінбіз. Олар көмек іздегенде, біз назарларын Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерге аударып, бірге дұға ететінбіз”.
10. Шәкірттеріне нұсқау бергенде, Иса қалай кішіпейілділік танытты?
10 Исаның шәкірттеріне нұсқау беруге құқы бар еді. Алайда ол кішіпейілділік танытып, оларға бұл нұсқауларды не үшін орындау керектігін түсіндірді. Мысалы, ол Құдай Патшалығы мен оның әділдігін әрдайым бірінші орынға қою керектігін айтып қана қойған жоқ. Не үшін бұлай ету керектігін де түсіндіріп: “Сонда сендерге мұның бәрі қосылып беріледі”,— деді. “Өзгелерді айыптауды доғарыңдар”,— дегеннен кейін, Иса былай деп түсіндірді: “Өйткені өзгелерді қалай айыптасаңдар, өздерің де солай айыпталасыңдар” (Мат. 6:31—7:2).
11. Мүмкін болса, орнатқан ережеңнің не қабылдаған шешіміңнің себебін неге балаға түсіндірген жөн?
11 Қандай да бір ереже орнатқанда не шешім қабылдағанда, орынды болса, балаңа мұның себебін түсіндір. Сонда жасөспірім балаңа саған мойынсұну әлдеқайда оңай болады. Төрт баласын аяққа тұрғызған Бэрри былай дейді: “Себебін айтсаң, жасөспірім бала саған сенім артатын болады. Өйткені олар сенің шешімді “билігім бар” деп не “солай еткім келіп тұр” деп емес, ақылға салып қабылдағаныңды көреді”. Жасөспірім балаңның енді кішкентай емес екенін ұмытпа. Ересек өмірге аяқ басып Рим. 12:1). Бэрри бұған қатысты былай дейді: “Жасөспірімдер сезімге емес, себепке негіздей отырып, парасатты шешім қабылдауды үйренулері керек” (Зәб. 119:34). Ендеше, қабылдаған шешіміңнің себебін жасөспірім балаңа кішіпейілділікпен түсіндір. Сонда ол “ақыл-ойын іске қосып”, шешім қабылдауды үйренеді. Сондай-ақ оның ержетіп келе жатқанымен санасатыныңды көреді.
жатқан ол өзі ойланып, өзі шешім қабылдағысы келеді (КӨРЕГЕНДІК ТАНЫТ
12. Иса Петірге көмектесу үшін қалай көрегендік танытты?
12 Иса көрегендік танытып, шәкірттеріне қай жағынан көмек қажет екенін аңғара білген. Мысалы, ол шәкірттеріне өзінің өлетінін айтқанда, Петірдің оған жаны ашып, өзін аяуды айтты. Иса мұны Петір өзін жақсы көргендіктен айтып тұрғанын білді, бірақ оның жаңсақ ойын түзету керектігін де түсінді. Өзге шәкірттерге де сабақ болсын деп, Иса Петірге ашық кеңес берді. Ол қиын шақта өз-өзін аяп Құдайдың еркін орындаудан бас тартатындармен не болатынын түсіндірді. Сондай-ақ жанқиярлық танытатындарға Ехоба батасын беретінін айтты (Мат. 16:21—27). Петір бұдан өзіне сабақ алды (Пет. 1-х. 2:20, 21).
13, 14. а) Жасөспірім балаңның сенімі шайқала бастағанын неден байқауға болады? ә) Ұл-қызың нендей көмекке мұқтаж екенін қалай анықтай аласың?
13 Жасөспірім балаңа қай жағынан көмек керек екенін көре білу үшін Ехобадан көрегендік сұра (Зәб. 32:8). Мәселен, балаңның сенімі шайқала бастағанын неден байқауға болады? Бәлкім, ол әуелгідей қуанышты емес шығар не бауырластарға мін таға бастаған болар, я болмаса бәрін саған бұрынғыдай ашып айтпайтын шығар. Мұндай жағдайда балам екіжақты өмір кешіп жүр не ауыр күнә жасап жүр деп бірден тұжырым жасама *. Бірақ оның мұндай әрекеттеріне көз жұмып та қарама. Я болмаса балаңның бөлектенгені жасөспірім шаққа тән нәрсе ғой деп елемей жүрме.
14 Исаға еліктеп, сен де құрметпен әрі мейіріммен сұрақтар қоя біл. Мұны құдықтан су алумен салыстыруға болады: егер шелекті құдықтан тез тартсаң, суыңның біразын төгіп аласың. Нақыл сөздер 20:5 оқы). Жоғарыда сөз етілген Илария былай дейді: “Жасөспірім шағымда өзімді жолайрықта тұрғандай сезіндім: шындықты да ұнататынмын, сыныптастарыммен де уақыт өткізгім келетін. Осы ішкі күрес көңіл-күйіме әсер ете бастады, мұны ата-анам байқап қойды. Бір күні кешке олар менің көңілім болмай жүргенін байқағанын айтып, не болғанын сұрады. Сонда мен еңіреп жылап жібердім. Сосын жағдайымды түсіндіріп, олардан көмек сұрадым. Олар мені құшақтап, жақсы түсінетіндерін айтып, көмектесуді уәде етті”. Сөйтіп, Иларияның ата-анасы дереу оған қауымнан жақсы достар табуға кірісті.
Тап солай, балаңа сұрақтар қойғанда сабырсызданып, оны мәжбүрлеп сөйлеткің келсе, оның ішкі ой-сезімін сарқып ала алмайсың (15. Иса өзгелердің бойынан жақсы нәрсені көре білгенін қандай мысалдан көруге болады?
15 Иса шәкірттерінің жақсы қасиеттерін де көре білген. Мысалы, Натанайыл деген кісі Исаның Назареттен екенін естігенде: “Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің?”— деген (Жох. 1:46). Осы сөздерге қарап Натанайылды қандай адам дер едің? Сынап-мінегіш пе? Алалаушылық танытатын адам ба? Әлде сенімі жоқ адам ба? Бірақ Иса көрегендік танытып, Натанайылдың бойынан жақсы нәрсе іздеген. Иса оны “шынымен қулық-сұмдығы жоқ исраилдік” деп атады (Жох. 1:47). Иса көрегендік қасиетін адамдардың бойынан жақсы нәрсе іздеу үшін қолданды.
16. Жасөспірім балаңа жақсаруға қалай көмектесе аласың?
16 Жасөспірім балаңның жүрегінде не бар екенін Иса сияқты көре алмасаң да, Құдайдың көмегімен көрегендік таныта аласың. Осы қасиетті балаңның бойынан жақсы нәрсені көре білу үшін қолданасың ба? Ешкім де “шатақ шығарғыш” деген атқа ие болғысы келмейді. Сондықтан көңіліңді қалдырған күнде де, ұлыңды не қызыңды ешқашан “бүлікші” не “қиын бала” деп атама, тіпті мұндайды ойыңа да алма. Қайта, оның жақсы жақтарын көретініңді және дұрыс нәрсені істегісі келетініне сенетініңді айт. Балаңның жақсарған тұстарын байқап, сол үшін мақтап отыр. Мүмкін болған жерде көбірек жауапкершіліктер беріп, оған жақсы қасиеттер дамытуға көмектес. Иса да шәкірттеріне солай еткен. Натанайылды (оны Барталамай деп те атаған) кездестіргеннен бір жарым жылдан кейін Иса оны елшісі етіп таңдады. Натанайыл құлшынысты мәсіхші болды (Лұқа 6:13, 14; Ел. іс. 1:13, 14). Балаңды мақтап, жігерлендіріп отырсаң, ол өзін қолынан түк келмейтін адам ретінде емес, Ехобаның қолында құрал бола алатын қабілетті мәсіхші ретінде сезінетін болады.
ЕҢБЕГІҢНІҢ ЖЕМІСІН КӨРІП, ЗОР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕН
17, 18. Жасөспірім балаңды Ехобаға қызмет етуге баулу үшін аянбай күш салсаң, нәтижесі қандай болмақ?
17 Бала тәрбиелеу кезінде өзіңді кейде елші Пауыл сияқты сезініп кететін шығарсың. Ол көптеген рухани бала тәрбиелеген. Пауыл Қорынттағы рухани балаларын қатты жақсы көргені сонша — соларды ойлап “қатты қиналып, жүрегі ауырған” (Қор. 2-х. 2:4; Қор. 1-х. 4:15). Екі ұл және бір қыз тәрбиелеген Виктор былай дейді: “Балаларымның жасөспірім шағы оңай болды дей алмаймын. Әйтсе де жақсы сәттеріміз көрген қиындықтарымыздан асып түсті. Ехобаның арқасында балаларымызбен достық қарым-қатынаста болдық”.
18 Ата-аналар, балаларыңды жақсы көрсеңдер, оларды Ехобаға қызмет етуге баулу үшін аянбай еңбек ете беріңдер. Сонда балаларыңның Құдайға қызмет етуді шешкенін және “шындық жолында жүргенін” көріп, зор шаттыққа бөленесіңдер! (Жох. 3-х. 4).
^ 13-абзац Ата-аналар “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” (ор.) кітабына жүгінсе болады (І-том, 317-бет және ІІ-том, 136—141 б.).