Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітапта не делінген?

Киелі кітапта не делінген?

Ібіліс деген кім?

СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША, Ібіліс...

  • рухани тұлға ма?

  • адам бойындағы зұлымдықтың бейнесі ме?

  • адамның ойлап тапқаны ма?

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

Ібіліс Иса пайғамбарға тіл қатқан және оның адалдығын сынаған (Матай 4:1—4). Демек, Ібілісті адам ойлап таппаған, әрі ол — жай ғана зұлымдықтың бейнесі де емес. Ібіліс — зұлым рухани тұлға.

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Ібіліс алғашында періште болған, бірақ ол “шындықтан тайып кетті” (Жохан 8:44). Сөйтіп, Ібіліс өтірікшіге айналды, Құдайға қарсы бүлік шығарды.

  • Басқа періштелер де Шайтанның жағына шықты (Аян 12:9).

  • Ібіліс көп адамның санасын соқыр қылып, өз болмысын жасырып отыр (Қорынттықтарға 2-хат 4:4).

Ібіліс адамдарға ықпал ете ала ма?

КЕЙБІР АДАМДАРДЫҢ ОЙЫНША, Ібіліс адамдарға мүлдем ықпал ете алмайды. Ал өзге біреулер жын-перілерден зәре-құты қалмай қорқады. Ал сіз не ойлайсыз?

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Бүкіл дүние Шайтанның билігінде” (Жоханның 1-хаты 5:19). Шайтанның адамзатқа тигізіп отырған ықпалы күшті, бірақ ол әрбір адамды билеп-төстемейді.

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Ібіліс барынша көп адамды адастыру үшін алдап-арбау амалын қолданады (Қорынттықтарға 2-хат 11:14).

  • Кей жағдайларда жындар адамдарды билеп алады (Матай 12:22).

  • Сіз Алла Тағаланың көмегімен Ібіліске қарсы тұра аласыз (Жақып 4:7).